Желіде Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады

Telegram желісінде Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Elmedia Telegram-каналының мәліметінше, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігін басқарған кезінде «жемқорлық жасады» деген күдікке ілінген.

Бұдан да өзге ақпарат жарияланған жоқ. 

Айта кетсек, Байбек 2013 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың тамызына дейін “Nur-Otan” партиясының басшысының бірінші орынбасары, кейіннен 2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. 

2019 жылдың маусымда ол қайта “Nur-Otan” партия жетекшісінің бірінші орынбасары лауазымына қайта оралды. 

2022 жылдың 28 қаңтарда өткен “Nur-Otan” съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын сынға алып, оны жаңарту қажет деген мәлімдесінен кейін Байбек қызметінен кетті. 

«Сыни кезеңде партияның бүкіл орасан зор кадрлық әлеуеті, оның барлық ауқымды инфрақұрылымы толығымен жұмыс жасамады», — деді Тоқаев.

Ол партияның құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінінің орнына жауапты хатшы лауазымын енгізуді ұсынды.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінде цифрлық технологиялардың...