Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарастыру мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы

25.11.2025 ж. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың өтініштерін сапалы қарастыру, бұзушылыққа жол бермес үшін туындаған мәселелерді талқылау.

Іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары, аудандық басқармалар басшыларының орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.

Арнайы шақырылған Алматы қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Лаура Караторгаевна Абуова Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіріп, презентация ұсынды.

Семинардың тағы бір қонағы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Дінмұхаммед Жандосұлы Асқар заң талаптарына сәйкес, практикада кездесетін мәселелер бойынша қатысушылардың сұрақтарына толықтай жауаптар берді.

Семинарға қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс барысында туындайтын басқа да мәселелерді талқылап, пікір алмасып, толық жауаптар алды.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...