Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми құжаттарды басқа мемлекеттерде заңды түрде пайдалану қажеттілігі жиі туындайды. Осындай жағдайларда құжаттың шынайылығын растау үшін құжатқа апостиль деп аталатын арнайы мөртаңба қойылуы тиіс.

Апостиль қою рәсімі бұл — Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын құжаттардың тұпнұсқалығына және тиісінше рәсімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету. Конвенцияға сәйкес апостиль қойылатын, сот органдарынан шығатын құжаттар шет елдерге жіберілуге жатады және мемлекет имиджінің өзіндік көрінісі болып табылады.

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

Қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде мерзімдері, нысандары мен нәтижелері, қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі Стандартта регламенттелген.

Азаматтар үшін әкімшілік кедергілерді жеңілдету мақсатында сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары оңтайландырылған. Оңтайландыру процесі көрсетілетін қызметті алушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және апостиль қойылған құжаттарды барынша қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімдері:

портал арқылы жүгіну жағдайында -1 жұмыс күнін; облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне — 1 жұмыс күнін; Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне — 5 жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Әрбір апостиль қойылатын құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруда электрондық үкімет веб-порталы (www.egov.kz) ерекше орын алады. Портал арқылы азаматтар үйден шықпай-ақ сот құжаттарын рәсімдеп, апостиль қоюға өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен, сондай-ақ апостиль қою үшін мемлекеттік бажды төлеу реквизиттерімен Қызылорда облыстық сотының интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде танысуға болады.

Арал аудандық сотының бас маманы

А.Кималанова

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...