12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке сот орындаушының құзыреті аз

Елімізде алимент тө­леуден қашып жүретін әкелер жылдан жылға көбейіп бара жатыр. Бүгінгі таңда осы іс бо­йынша сот орбитасына тартылғандар саны 3 мыңнан асып кетіпті. Бұл мәселелерді шешуде жеке сот орындаушылар институты дәрменсіз болып отыр. Неге?

Жа­қында өткен Парламент Мә­жілісіндегі Үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусинге депутаттар тарапынан қойылған сауалдың дені осы тақырыпта болды. Мәселен, депутат Ерлан Смайлов алимент бойынша құзыр­лы орындарға, депутаттарға ша­ғымданатын аналар санының көп екенін, қазіргі таңда 16 мыңға жуық осындай өзекті істің үлкен мәселеге айналып отырғанын айтып, мұндай жағдайдың қалай қалыптасқанын, одан шығу үшін не істеу керектігін білгісі келген еді.

Мусин мырза бұл мәселенің өзектілігін жоққа шығармады. Оның айтуынша, барлық атқарушылық жұмыс­тардың ішінде алименттік төлемдер ісі өте күрделі болып тұр. Өйткені, кейбір борышкерлердің расында алиментті төлейтін мүмкіндігі болмаса, енді бірі қасақана бой тасалайды немесе табысын азайтып көрсетіп, міндетті төлемін толық көлемде өтемейді. Жалпы, осы істер бойынша мамандандырылған сот орындаушыларына мемлекет осы категориядағы істердің орындалуы үшін субсидия төлейді екен. Бұл сот орындаушыларға белгілі бір табыс әкеледі. Сондықтан сот орындаушылардың бір ай ішінде алимент ісі бойынша белсенді жұмыс жүргізбеуі, лицензиясынан айырылуына негіз болуы мүмкін. Бұл оған әрі қарай жұмыс істеуге құқық бермейтін өте күрделі шара. Былтыр 19 сот орындаушы осындай жаза алыпты.
Министр жалпы қиындықтың сот орындаушының борышкерді жауапқа тарту үшін әкімшілік хаттама толтыра алмайтындығында жатқанына назар аудартты. Жеке сот орындаушыда мұндай құзырет жоқ. Бұл үшін ол борышкерді хаттама толтыратын әділет органына әкелу керек. Егер борышкер келгісі келмесе полицияға жүгінуге мәжбүрлік туындап, ол ұзақ уақытты алады. Заң бойынша жеке сот орындау­шыда әкімшілік хаттаманы өзі жасайтын құқық болса, бұл құқық бұзушылар санын екі есеге азайтып, олардан алиментті тез өндіріп алуға ықпал етер еді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бүгінгі таңда дайындалып жатқан атқарушылық өндіріс туралы заңның тұжырымдамасында жеке сот орындау­шылардың хаттама толтыруға қақылы құзыреті енгізіліп жатыр екен. Тұтастай алғанда құзырлы орын облыс әкімшіліктерімен жүйелі түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу жөнінде келісімге келіп, борышкерлерді жұмысқа орналастыруға қол жеткізіпті. Былтыр 2,5 мың борышкер осындай мүмкіндікке қол жеткізіпті. Сөйтіп, министрлік өз құзыретіне жатпаса да борышкерлерге қолдау жасап, бұл мәселені барынша тиімді шешуге күш салып жатыр екен. Бұл тұрғыда қоғам тарапынан да төзбеушілік ахуалдың қалыптасқаны маңызды екені сөзсіз.
Жалпы, бұл салада атқарылған іс те, шешімін күтіп тұрған мәселелер де аз емес. Солардың кейбіріне тоқталып кететін болсақ, 2020 жылы атқарушылық іс туралы заңға борышкерлер мен талапкерлер құқын қорғауға бағытталған, жеке сот орындаушылардың жауапкершілігін күшейткен елеулі өзгеріс енгізіліпті. Жеке сот орындау­шы мүлікті сатқаннан кейін басқа сот орындаушылардың әрекеттерін тоқтатуға міндетті.Сот орындаушының борышкердің елден шығуына уақытша шек қоюы міндеттілікке ауыстырылып, бұл ретте борышкерге 5 күн бұрын ескерту керектігі заңмен айқындалды. Мүгедектігі бар борышкерден алимент тек оның жалақысынан ғана өндіріледі. Өндірілген, талапкерге аударылуға тиіс қаржыны жеке сот орындаушының ағымдағы есепшотына аударуға тыйым салынды. Қазір кепілдік ұстаушы мен оларға теңестірілген тұлғаларға саудаға қатысуға тыйым салынған.
Жылыжымайтын мүлік бастапқы бағасынан елу пайызға сатылуы шектеліп,75 пайыздан төмен бағаға сатылмайтын талап іске қосылды. Борышкерге 3 ай ішінде үйін өзі сатуына құқық беріліп отыр. Бұрын мұндай құқықты сот орындаушы тек бір айға ғана бере алатын.
Осы ретте, Қанат Мусин атқарушылық іс турлы заңның 11 жыл ішінде бірнеше рет өзгергеніне, нормалардың тұрақсыздығына назар аудартты. Оның айтуынша, жалпы жеке сот орындаушылар институты қалыптасты, бірақ шешімін күткен мәселелер баршылық. Сондықтан әлемдік тәжірибені ескере отырып, «Мәжбүрлеп орындату туралы» заң жобасын қабылдау керек. Онда негізінен атқару өндірісі тараптары құқының тепе-теңдігі сақталып, сатып алушылардың құқын қорғау, рес­публикалық Жеке сот орындаушылар палатасы жұмыстарын жетілдіру, жеке сот орындаушылар көмекшілері қызметін реттеу мәселелері қарастырылуы керек. Бұрынғы тәркіленіп алынған мүліктер бойынша қиындықтар бар. Аталмыш тұжырымдамада сот орындаушылар үшін, басқа да мемлекеттік органдар үшін жылдар бойы тұрған бұғаттан шығару тәртібін жасау керек. Мүмкін бұғаттардың уақытша тетіктері қажет шығар.
Бүгінде Жеке сот орындаушылар палатасы өзінің құзыреттері, құқықтары және міндеттері бар кәсіби ұйымға айналып отыр. Сондықтан оның өкілеттігін кеңейтіп, Палатаға өздерінің ішкі актілері мен регламенттерін қабылдау құқын беру керек.
Мәселелердің елеулі бөлігі атқару өндірісін автоматтандыру арқылы шешімін тапты. Бүгінгі таңда процессуалдық әрекеттердің 70 пайызы осы жүйе арқылы жүзеге асады. Сот орындаушылар атқару құжаттарын – Жоғарғы соттан, нотариалдық палатадан, табыс жөніндегі комитеттен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы бырыңғай реестрден электронды түрде алады. Бұл құжаттардың жоғалуын, олардың қолдан жасалуы мүмкіндігін жояды. Атқару ісінің материалдарымен тараптар онлайн режимде танысып, процессуалдық өтініштерін «тараптар кабинеті» арқылы бере алады.
Жиында сөз алған Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комиетінің төрағасы Арман Қожахметов бұл салада қалыптасып отырған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтар болсақ, біріншіден – атқарушы құжаттардың ұзақ уақыт орындалмайтыны. Заң бойынша атқару өндірісінің уақыты мерзімдік төлемдерді өндіру өндірісінен тыс 2 ай болса, тәжірибеде бұл талап үнемі сақтала бермейді. Мұның себептерінің бірі – сот орындаушының әрекетсіздігі. Тартып алуға болатын мүлік болған күннің өзінде еш негізсіз процессуалдық әрекеттерді жасауға асықпайды. Екіншіден – өндіруші, борышкер және сот орындаушы арасында коммуникацияның жоқтығы. Тиісті заңнамаға сай сот орындаушы қатысушыларды барлық атқарушылық әрекеттерімен ақпараттандырып, мәжбүрлеп орындату шарасы жайлы хабарлама жіберуі керек. Заң оны СМС және пош­та арқылы жіберуге мүмкіндік береді.Бірақ сот орындаушылары өндірістің барысы жайлы хабардар етпеген жағдайда атқарушы өндіріс құжаттарының басқа орындаушыға берілетін сәттері туып, оны талапкердің білмей қалуы жиі болады. Үшіншіден – сот орындаушылардың біліктіліктері төмен. Жоғарғы Соттың әкімшілік алқасының ақпараты бойынша соңғы тоғыз айда сотқа 19 мың талап арызы түссе соның 6281-і, яғни, 33 пайызы сот орындаушылардың әрекетіне қатысты берілген. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына тиесілі. Сот орындаушылар өздерінің қателіктерін мойындап, 1456 іс өзара мәмілемен аяқталды. 1299 іс талапкерлер тарапынан қайтарылып алынды. Сот барлығы 2014 істі қарап, оның 45 пайызын қанағаттандырды. Яғни, сот орындаушыға қатысты шағынның әрбір екіншісі негізді болды деген сөз.
Төртіншіден – мәжбүрлеп орындатуға төленіп қойылған айыппұлдар мен салықтардың жіберілетіндері. Осы мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. 2021 жылы 100 мың азамат атқарушылық өндіріске заңсыз тартылып, жүйкесін, уақытын сарп етіп, айыппұлдар мен салықтардың төленгенін дәлелдеуге мәжбүр болды. Бесіншіден – борышкердің барлық есепшоттарының біруақытта бұғатталуы. Тиісті қаулыда бұғатталатын қаржы көлемі көрсетілсе де борышкер барлық есепшотындағы қалған ақшасын жұмсау мүмкіндігінен айырылады. Бұл тұрғындардың орынды ашу-ызасын тудыруда. Алтыншыдан – бұғат пен шектеуді дер кезінде алмауы, тұрғындарды тиісті орындарға жүгінуге мәжбүр етеді. Қазіргі таңда бұғат – қарыз «Kaspi» немесе «Қазпошта» арқылы төленгенде ғана автоматты түрде алынады.
Жалпы сот шешімдерін орындамағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің тиімділігі төмен. Ата Заңымызға сай сот билігі заңнамалық және атқарушылық биілікпен өзара байланыста қызмет жасайтын мемлекеттік биліктің бір бұтағы. Соттардың шешімдері, үкімдері, қаулылары тұтастай міндетті күшке ие. Соған қарамастан сот шешімдерін орындамау қалыпты жағдайға айналды. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша 2020–2021 жылдары өндіріске түскен құжаттардың тек 30 пайызы ғана орындалыпты. Бұл, мәселені жан-жақты қарап, тиімді шешім қабылдауды қажет етеді.
Дербес деректерді қорғау заңының бұзылу жағдайлары да осы атқарушылық құжаттарға қатысты орын алып жатыр. Бас прокуратураның 2020 жылы жүргізген тексерісі электронды-сандық қолдар мен құпия сөздердің атқару өндірісіне қатыспайтын басқа адамарға берілетінін айқындады. Олар АИС ОИП бағдарламаларына кедергісіз қолжеткізіп, атқарушылық іс қозғаған.Сонымен қатар, орындаушылар жұмысының толықтай коллекторлық агенттік бақылауында болатыны да анықталып отыр. Коллекторлық агенттер сот орындаушылардың енжарлығы салдарынан олардың барлық құзыретін пайдаланып, азаматтардың құқын және заңнаманы өрескел бұзып, борыштарды заңсыз өндірудің схемасын құрған.
Бұдан шығатын қорытынды депутаттар айтқандай, өкілетті ұйымдар Әділет министрлігі мен Жеке сот орындаушылар палатасының атқарушы өндіріс саласына назарды барынша аудару қажет. Бұл ретте, әсіресе, Жеке сот орындаушылар палатасы сот орындаушылардың кәсіби біліктілігін арттыруда, олардың заңдылықты орындап, кәсіби этиканы сақтау деңгейін көтеруде белсенді де тиімді іс-шаралар қабылауы кезек күттірмейтін мәселе. Сонымен қатар, Палата өз мүшелерінің әрекеттері үшін жауапкершілікті көтеруге дайын болуы тиіс. Жалпы, атқару өндірісінің нәтижелі жұмысына заң аясында өкілетті барлық ұйымдар мүдделі болуы тиіс. Осыны жеткізген депутаттар бұл ретте қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жетілдіруге қашан да дайын екенін білдірді.

Айша Құрманғали,
«Заң газеті»

Қазақстанда кейбір азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің тәртібі өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

На грани долгового плена

КРЕДИТНЫЙ ПОРТФЕЛЬ КАЗАХСТАНЦЕВ НА НАЧАЛО 2025 ГОДА ДОСТИГ АСТРОНОМИЧЕСКОЙ ЦИФРЫ В 24,1 ТРЛН ТЕНГЕ, ЧТО НА 22,9 ПРОЦЕНТА БОЛЬШЕ, ЧЕМ ГОДОМ РАНЕЕ. ЭТО ТРЕВОЖНЫЙ ПОКАЗАТЕЛЬ ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ, КОТОРОЕ ВСЕ ЧАЩЕ ОКАЗЫВАЕТСЯ В ДОЛГОВОЙ ЯМЕ. ВМЕСТО ТОГО ЧТОБЫ ИЗБАВИТЬ НАРОД ОТ ДОЛГОВОГО БРЕМЕНИ, КРЕДИТЫ ПРОДОЛЖАЮТ НАВЯЗЫВАТЬСЯ НА КАЖДОМ ШАГУ.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға шектеу қойылды ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "GPT чатын пайдалануға тыйым салынды" деген ақпаратқа пікір білдірді.

Қазақстандағы VIP нөмірлер нарығы: баға динамикасы мен сұраныс өзгерістері

Қазақстандық жүргізушілер жақын арада мемлкеттік көлік нөмірі үшін цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын таңдай алуы мүмкін.

Маусым айында қазақстандықтарды қанша демалыс күні күтіп тұр?

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.