Қазақстандағы VIP нөмірлер нарығы: баға динамикасы мен сұраныс өзгерістері

Қазақстандық жүргізушілер жақын арада мемлкеттік көлік нөмірі үшін цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын таңдай алуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа Салық кодексі жобасында мұндай нөмірлерді дайындау және беру үшін алымдар қарастырылған.

Айта кетейік, Салық кодексіне түзетулер 2025 жылы сәуірде Мәжіліс тарапынан мақұлданған еді және қазір Сенат қарауында. Егер Сенат бұл түзетулерді алып тастамаса, мемлекеттік нөмірлердің құны мынадай болады:

  • 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 – 57 АЕК (224 124 теңге);
  • 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 бірдей әріптермен – 114 АЕК (448 248 теңге);
  • 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 – 137 АЕК (538 684 теңге);
  • 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 бірдей әріптермен – 194 АЕК (762 808 теңге);
  • 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 – 228 АЕК (896 496 теңге);
  • 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптермен – 285 АЕК (1 120 620 теңге).
  • Бұдан бөлек, 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 сандық белгілері үшін – 15 АЕК (58 980 теңге);
  • 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 бірдей әріптермен – 72 АЕК (283 104 теңге).
  • Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (МТНБ) (цифрлық белгісі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999) бірдей әріптермен – 57 АЕК (224 124 теңге).

Кез келген қалаған цифрлық және (немесе) әріптік комбинациясы бар нөмір үшін (жоғарыда көрсетілген арнайы нөмірлерден басқа) 10 АЕК (39 320 теңге).

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.