Жеке құрам қызметкерлері ел рәміздеріне құрметпен қарайды

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері Қызылорда қалалық А.С. Пушкин атындағы кітапханада өткен «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» тақырыбындағы іс-шараға қатыстырылды.

Шараның мақсаты – жеке құрам қызметкерлерін отаншылдық сезімін артттыру, мемлекеттің нышандарға құрметпен қарау, патриоттық тәрбие беру.
Іс-шара барысында аға кітапханашы Қарлығаш Сражадинова өз сөзінде мемлекеттік рәміздер әр елдің тәуелсіздігін білдіретін, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, патриоттық сезімді оятатын айшықты белгілер болып саналады, әрбір азамат оны білуі әрі құрметтеуге міндетті екенін атап өтті.
Одан соң жеке құрам қызметкерлері кітап көрмесін тамашалады. Кітап көрмесіне «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері», «Елтаным», «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б. мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді баспасөз беттерінен алынған мақалалары қойылған.

«Бүгінгі шара мемлекеттік рәміздердің – сәндіктің емес, ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштіктің символы екендігін ұғындырды. Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті әрқайсымыз өзіміздің жүрегімізге ұйытып, ерекше қастерлеп, құрметтеуміз керек»,- деді, мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Оспанов.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...