Жеке құрам вакцинацияның төртінші кезеңін қабылдады

Елімізде тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Мұны COVID-19 – дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады. Ақпарат легіндегі деректерге сүйенсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 2257 адамнан анықталды. Елордамыз сары аймаққа өтті. Сондықтан, өңірлерде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың 4-кезеңі басталды.

Осыған орай, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторы қызметкерлері Qaz Vac вакцинациясын алуда. Тергеу изоляторының қауырт жұмысына байланысты, мекемеге № 6 қалалық емханасынан арнайы маман шақыртылды. Арнайы контигентпен тікелей жұмыс жасайтын жеке құрам уақыт тауып, кезекпен төртінші екпені қабылдауда.

Мен вакцинацияның төртінші кезеңін алдым. Елімізде короновирустық инфекцияның әртүрлі сыйпатта таралуына байланысты, Qaz Vac вакцинациясын өзім және жақындарымның денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында қабылдадым. Емхананадан келген вакцинатор дәрігер Охотова Айгүл 3 күнге дейін суға түспеуім керектігін ескертті — деді, мекеменің кинолог маманы әділет аға сержанты Ғ.Томаев.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...