Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы қоғамның әлсіз тобына ( қарттар, көп балалы, жалғызбасты аналар мен мүгедектерге ) әрдайым қайырымдылық жасап тұрады.
Ел Призиденті Қ.Тоқаев 2022 жылды « Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен балалаларға да біршама көңіл бөлінді.
Атап айтсақ, жыл басында, мекеменің Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет старшинасы Тоқжолова Ақмаралдың ұйымдастыруымен, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкері бірігіп, пәтерден- пәтерге көшіп-қонып жүрген, алты баласы бар, жалғыз басты анаға азық- түлік және қаржылай көмек көрсетті.
1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай, «Балаларға балмұздақ» акциясын ұйымдастырып, орталық саябаққа барып,100 балаға тегін балмұздақ үлестірді.
Сондай-ақ, республикалық « Мектепке жол » акциясы аясында үш мүгедек балаға және әкесі жоқ 5 жетім балаға оқу-құралдарын алып берген болатын.
Ал, жыл соңында Қызылордадағы мүгедектер қоғамдық қорына қарасты «Шуақты бөбек» қоғамдық қорына барып, 40 балаға жаңа жылдық сыйлықтарын таратты.
Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен болған бұл игі іс-шарада барлық жеке құрам мүшелері бірауыздан демеушілік танытты.
Нәтежиесінде қор жетекшілері мен ата- аналар тарапынан алғысқа ие болды.
Біздің «Шуақты бөбек» қоры Дауна синдромына шалдыққан балалары бар ата-аналардың басын біріктіріп, балаларын сауықтыру жолында ортақ шешім табу мақсатында құрылған болатын. Мұнда бүгінгі таңда облыс бойынша 130 — ға жуық бала бар.
Соның 45-і қалада тұрады. Жаңа жылдық мекрекеге орай, погондағы азаматтардың әкелген сыйлықтары біздің балаларымызды ерекше қуантты. № 68 мекемесінің бастығы, әділет майоры Ильясов Қайырбек Есетайұлы басқарған ұжымға ата-аналарымыздың атынан алғыс білдіремін- деді, қор құрылтайшысы Светлана Қамбарова.
Ия, тәртібі тым қатал тергеу изоляторының жеке құрамы жұмыстарының қауырттығына қарамастан, осылайша балаларға да, көңіл бөліп келді.
Өйткені олар да, бір емес бірнеше баларды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған ата-аналар.
Осы орайда, мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты Даулетиярова Жаннұр мен АКАӘПТЖБ- нің бастығының міндетін атқарушы, әділет аға лейтенанты Ниязов Нұрсұлтан аяз- ата мен ақша қар киімін киіп, жаңа жыл күні қарсаңында мекеме қызметкерлерінің үйіне барып, балаларына тосын сый жасады.
Соның ішінде, РжКБ-нің бақылаушыс,әділет сержанты көп балалы әке Сақтағанов Қанаттың келіншегі күйеуінің ұжымдастарының балаларына әкелген сыйлықтары үшін разылығын білдірді.