Тіл-халық қазынасы

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян.
Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе. Осы тұста мемлекеттік тіл саясаты дұрыс бағытта жүргізіліп келе жатқанын баса айтуға тиіспіз. Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сол тілде сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени-әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Бүгінгі таңда «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп түсініп, тілдің қоғам өміріндегі қолданысына, оның бүгінгі мен болашағына толғанатын біздің тіл жанашырларының тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырғанымыз анық. Тілді тіл ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл Қа¬зақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекет¬тік мәртебесіне айналдыру – қашанда өзекті мәселе. Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпыхалықтық мүдде кеңістігіне шығу қажет. Сонда ғана қазақ тілі қоғам өмірінің бар саласында шынайы сұранысқа ие болады. Қазіргі қазақ тілі – жалпы әлемдік тілдік дамудың биік деңгейінде тұрған дамыған тіл. Ғылыми тарихи жүйеден қарайтын болсақ, біздің тіліміз қазіргі адамзаттың үлкен тілдік арналардың ең бір жетілген саласы болып табылады. Республикамыздың дербестік алып, шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болуын айтпағанның өзінде, «Тіл туралы» Заң қабылданып, ол белгілі дәрежеде жүзеге асырылып жатқанда, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, бұл жайында Конституцияға арнайы бап енгізіліп отырғанда, еліміздің тазалығын сақтау, сөйлеу мәдениетін көтеріп, әрбір сөздің нормаға сай болуын және өз мағынасында дұрыс қолданылуын қадағалап отыру ерекше маңызды болмақ.

Маңғыстау облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы З.Аманкулова

Азаматтық сот ісін жүргізудегі медиация рәсімінің маңызы мен қолдану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мемлекеттік...

Әкімшілік әділетке 5 жыл: Азаматтар құқығын қорғаудың заңнамалық кепілдіктері

​2026 жылы Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет институтының және оның...

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...