12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке құрамға АИТВ жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді

ЗК-169/1 тергеу изоляторында ЖТИС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай « Біздің есімізде» « Біз әрекет етеміз » « Біз АИТВ» — ға қарағанда көпппіз» тақырыбында жеке құрам арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Түсіндірме жұмысын жүргізген Қызылорда облыстық ЖТИС- ке қарсы күрес орталығының эпидемиолог- дәрігері А.Садвакасова алдымен бұл күннің тарихы туралы айтып берді. Жыл сайын мамырдың он бесінен кейін әлем бойынша халықаралық ЖТИС – тен қаза болғандарды еске алу күні болады.

Мұны 1983 ж Сан- Францискода алғаш рет ЖТИС проблемасына жеке басы шалдыққан америкалық топ ұйымдастырған болатын. Бұл күн сол ауруды жұқтырғандарды қолдау мен ЖИТС індеті біздің әрқайсымызға жұғуы мүмкін екендігінен қоғамды хабардар ету мақсатында өткізіледі.

Қазіргі заманға сай медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ инфекциясы секілді ауру кісі өліміне әкелетін разрядтан созылмалы разрядқа ауысты. Уақытылы антиретровирусты препаратпен емдеуді бастау және дәрігердің барлық нұсқауын сақтау арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды әрі ұзақ өмір сүре алады.

Осынау дәрілік препараттардың арқасында АИТВ оңды адамдардың өмір сүру сапасы, АИТВ-сы жоқ адамдардың өмір сүру сапасынан ешбір айырмасы болмайды. Оның үстінде бүгінгі таңда бұл дертті кез- келген дәріханалардан арнайы тест құралын сатып алып, өзіңнің статусыңды анықтап білуге болады- деді , дәрігер.

Арнайы маман кездесу соңында АИТВ инфекциясын анықтауда өзімен бірге алып келген тест анықтау құралын көрсетіп, жедел тест қою әдісі жайлы толығырақ түсіндіріп берді.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...