Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және ойын спорт түрлері бойынша спорт мектебінің қызметкерлері Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 20 мекемесінің тәрбие бөлімімен бірлесіп, сотталғандар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырып, өткізді.

Жарысқа 8 команда қатысып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жеңіске деген ұмтылысын танытып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын және командалық үйлесімділіктерін көрсетті. Ойын барысында белгіленген ережелер қатаң сақталып, өзара құрмет пен адал бәсекелестік қағидаттары ұстанылды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Осындай спорттық іс-шаралар сотталғандардың бойында жағымды қасиеттерді қалыптастыруға, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң әсерін тигізеді.

– Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ спорт арқылы тәртіп пен бірлікті нығайту, – деп атап өтті тәрбие жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары Нұрболат Сапарғалиев.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...