Абай облысындағы қауіпсіздігі барыеша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында волейбол турнирі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті.

Іс-шара мекеме қызметкерлері мен Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесуімен әлеуметтік оңалту және салауатты өмір салтын насихаттау аясында ұйымдастырылды.

Жарысқа алты командаға біріктірілген 50-ден астам сотталған қатысты. Ойындар тартысты әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар жақсы физикалық дайындықтарын, командалық бірлігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының жаттықтырушысы Асет Абетаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек дене белсенділігін арттырып қана қоймай, тәртіпті, өзара құрметті және командалық әрекет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Турнирге қатысушылардың бірі өз әсерімен бөлісті:
Бұл біз үшін жай ғана ойын емес — сергіп, өзімізді команданың бір бөлігі ретінде сезінуге және жақсы қырымыздан көрінуге мүмкіндік. Мұндай шаралар өмірге және айналамызға деген көзқарасты өзгертуге көмектеседі.

Мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті:
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру – тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі. Біз мұндай шаралардың сотталғандардың мінез-құлқына оң әсер етіп, шиеленісті азайтып, әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көріп отырмыз.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің айтуынша, басты нәтиже – қатысушылар арасындағы командалық рухтың нығаюы мен жағымды ахуалдың қалыптасуы болды.

Алдағы уақытта мекемеде спорттық іс-шараларды жалғастырып, олардың аясын кеңейту және қатысушылар санын арттыру жоспарланып отыр.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...