Жеке құрамның кәсіби шеберлігі шыңдалды


          Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде «Сотталғандарды кепілге алу және қашу кезіндегі жеке құрамның әрекеті» тақырыбы бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өткізілді
          Оқу жаттығудың негізгі мақсаты: мекеменің жеке құрамын төтенше жағдайларды кесіп өту үшін шебер және шешуші іс-қимылдарға үйрету, әртүрлі жағдайларда қызметтік міндеттерді орындау кезінде жауынгерлік тәртіп элементтерін пысықтау, сондай-ақ жедел іс-шараларды ұйымдастыруда жедел штаб мүшелері мен жеке құрамының дағдыларын жетілдіру және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде мекеменің басшы құрамына практикалық көмек көрсету болып табылады.
          Оқу-жаттығу барысында тактикалық әдістер пысықталып, жеке құрамды жылдамдыққа, төзімділікке, тапқырлыққа және жергілікті жерге бағдарлауға жаттықтыру жүргізілді. Әр қызметкер кез-келген жағдайда жұмысқа дайын болу үшін өзінің кәсібилігін жоғары деңгейде ұстауы керек.
          Мұндай жаттығулар қызметтік даярлықтың ажырамас бөлігі болып табылады, — деп атап өтті режим және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры А.Төребеков.
Өткізілген тактикалық-арнайы оқу — жаттығулардың соңында басшылар тарапынан іс-шара барысы зерделеніп, қорытындысы шығарылды.Қорытынды бойынша № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамының кәсіби даярлығы оң нәтижие берді деп бағаланды.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...