Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде орналасқан РМК «Еңбек-Батыс» филиалы мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мекеме аумағында өндірістік қызметті дамыту, сотталғандарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік субъектілермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту болды.

Кеңес барысында мекеме әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, жұмыс орындарын көбейту, өндірістік процестерді кеңейту және сотталғандарды екі ауысымда еңбекке тарту мүмкіндіктері қарастырылды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге мекеме аумағында бизнес жүргізудің артықшылықтары түсіндірілді. Олардың қатарында дайын инфрақұрылым, тұрақты жұмыс күші және мемлекеттік қолдау шаралары бар екені атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту үлесін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын айтты.

Мамандардың пікірінше, мұндай жұмыс кеңестері сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізіп, оларды қоғамға қайта интеграциялаудың тиімді құралы болып табылады. Сонымен қатар, бұл бастама өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына да серпін береді.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...