12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған, яғни, ешкімді азаптауға, оған зорлық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық абыройын қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Мұны айтып отырғанымыз, Қылмыстық процестік кодекстің 14-бабымен жеке басқа қолсұғылмаушылық заңдылығы бекітілген. Мәселен, аталған кодексте белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстауға, күзетпен қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.

   Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, күзетпен ұстауға немесе үйқамаққа алуға Қылмыстық процестік кодекспен көзделген жағдайларда соттың санкциясымен ғана жол беріледі.  Күзетпен қамауға не үйқамаққа алынған адам сотқа шағымдануға құқылы.

Соттың санкциясынсыз 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға жол берілетін жағдайлардан бөлек, адамды соттың санкциясынсыз 48 сағаттан, ал кәмелеттің жасқа толмағандарды 24 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға рұқсат етілген. Бұдан артық қамауға алуға болмайды.

 Адам ұсталған жағдайда оған қандай іс-әрекеті үшін күдік келтірілгені туралы тез арада түсіндірілуі тиіс. Заңсыз ұсталған немесе медициналық орынға заңсыз орналастырылған адамды сот, қылмыстық қудалау органдары, т.б. тиісті мекемелер дереу босатуға мiндеттi.

Қылмыстық процеске қатысушыларға азаптау, басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын жазалау түрлерін қолдану, оның қадір-қасиетін қорлау заңға қайшы. Сонымен қатар, адамды оның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндіретін процестік әрекеттерге қатысуға тартуға болмайды.

Жеке басқа қолсұғылмаушылықты бұзатын процестік әрекеттер осы кодексте көзделген тәртiппен ғана адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы жүргiзiлуi мүмкiн. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен   ұсталған адамды күзетпен ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төндірмеуі  тиiс. Бас бостандығынан заңсыз айыру, оны өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайларда ұстау, оған қатыгез қарым-қатынас жасау салдарынан келтiрiлген зиян осы кодексте көзделген тәртiппен өтеледі.

Адамдардың жеке басы мен өміріне қол сұғу әрекеттері азаматтардың конституциялық құқығын бұзу болып есептеледі, бұл үшін айыпты деп табылған адам тиісті жауапкершілікке тартылады. Айтып отырған заң нормалары ел заңдарының жеке бастың бостандығын ең жоғары әлеуметтік құндылық пен принцип ретінде қарастыратынын көрсетеді.

Мәди Камал,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Определение места жительства ребёнка в Республике Казахстан

В Республике Казахстан вопрос о месте жительства ребёнка регулируется...

В Алматы состоится открытая встреча для фрирайдеров

24 декабря 2025 года в гостинице Novotel в Алматы...

«Көшкін қаупі бар кезеңдегі таудағы қауіпсіздік» атты кездесу өтеді

2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматыдағы Novotel қонақүйінде фрирайдерлерге, тау...

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балаларды арнайы білім беру ұйымына жіберу тәртібі

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау...