Жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі

Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол бұл мәселелерді көтеріп жүрген медицина қызметкерлеріне қандай да бір қысым жасауға жол берілмейтінін ерекше атап өтті.

Вице-министрдің мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметпен бірге жалақыны тағы да көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Ол 2020-2023 жылдары дәрігерлердің еңбекақысы 30%-ға, орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға артқанын еске салды. Ал 2024 жылға қарай жедел жәрдем жүргізушілерін қосқанда, медициналық емес қызметкерлердің жалақысы 18%-ға өскен.

Қолданыстағы Үкімет қаулысына сәйкес, фельдшерлердің ең төменгі айлығы шамамен 180-190 мың теңгені құрайды, ал еңбек өтіліне қарай 260 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жедел жәрдем жүргізушілері қазір 160-180 мың теңге көлемінде жалақы алады, — деді ол.

Тимур Сұлтанғазиев жаңа жалақы өсіміне қатысты есептер дайын деп отыр. Алайда нақты сандар әзірше айтылмайды, себебі бұл мәселе қазір Үкіметтің қарауында.

Егер Үкімет бұл ұсыныстарды қолдаса, келесі жылдан бастап жалақыны көтеруді көздеп отырмыз. Бірақ мөлшерін айтуға ерте, қазір бюджет мүмкіндіктері талқыланып жатыр, — деп қорытындылады бірінші вице-министр.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.