Жедел әрекет етудің арқасында 2 жасар сәбиді аман алып қалған полицей

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ерік Ақмолдаев, денесі құрысып, талып қалған кішкентай балаға алғашқы көмек көрсетіп, анасының алғысын алды.           
Нақтырақ айтсақ, С.Ерубаев көшесінде күнделікті өзіне жүктелген жұмысын атқарып тұрған полицейдің жанына белгісіз әйел келіп, ұлының аяқасты ауырып, талып қалғанын айтып көмектесуін сұрайды. Мұны естіген полицей шұғыл әрекет етіп, баланы сол маңдағы дүкенге жылы жерге кіргізеді.                         
- «Мен ол сәтте бәрін қойып, кішкентай баланың аман қалуын ойладым. Бірден ыңғайлы орын іздеп, қасымызда тұрған дүкенге көтеріп кіргіздім. Қолымнан келгенін жасап жатырмын. Сол сәтте жаныма өзін медбикемін деп таныстырған әйел келді. Содан екеулеп отырып, балаға алғашқы көмек бердік. Яғни мен ұл баланың денесін ұстап, жағын ашып тұрдым, ал көмекке келген тұрғын тілін жұтып қоймас үшін қасықпен тартып алып, жағдайды жақсартты. Содан жедел жәрдем баланы анасымен мінгізіп жібердік»-деп атап өтті оқиға жайлы полицей.                  Көз алдында баласының әлсіз, қимылсыз түрін түрін көріп, қатты қорқып қалған ана: «Полицей менің баламды өлімнен құтқарып қалды. Үлкен алғысымды айтамын. Мұндай азаматтар қандай марапатқа болсын лайық, осындай азаматтарымыз көп болсын. Жұмысы алға баса берсін!»-деп аналық ақ тілегін жеткізді.               
Қазіргі таңда бала ауруханада ем қабылдауда. Ал полицей Ерік болса, оның хал-жағдайын біліп, жеміс-жидек, тәттілерін апарып берді.  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...

Семейное счастье начинается с нас

С личным составом учреждения №21 Департамента УИС по области...

Астанада WADA Құрылтайшылар кеңесінің отырысы өтті

Астанада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Құрылтайшылар кеңесінің отырысы...

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысы өтті. Комитет...