Жеңіс күні: әр елде ардагерлер қандай жәрдемақы алады?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне берілетін жәрдемақы басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік төлем жергілікті бюджеттен қарастырылып жатыр. Сондықтан әр аймақ жыл сайынғы мерекелік жәрдемақылардың қанша болатынын өздері шешеді. Алайда биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірдегі ардагерлерге кем дегенде миллион теңгеден төлеуді тапсырды. Қазір Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан 387 ардагер тұрады.

Қазақстанда бір адамға төленетін біржолғы төлемнің мөлшері ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары болып шықты.

Қазақстанда Ұлттық банктің 5 мамырдағы бағамы бойынша жәрдемақы мөлшері — 2 289 доллар.

Айта кетейік, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге аз мөлшерде төлемдер төленеді. Олар — ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметшілер, Ленинград қаласында блокада кезінде жұмыс істеген фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқандар, концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жараланып, мүгедек болып қалған әскери қызметшілер. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері де жәрдемақы алады.

Ресей

«Ведомости» сайтының мәліметінше, Ресейдегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне 10 мың рубль көлемінде жыл сайынғы жәрдемақы алады. Бұл — шамамен 150 доллар. Айта кетейік, былтыр Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай ардагерлерге берілетін жәрдемақы 5 есе көп болды, яғни 50 мың рубль.

Ресейде 20 320 ардагер тұрады.

Беларусь мемлекеті

БелТА-ның мәліметінше, биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1800 беларусь рублі мөлшерінде беріледі. Бұл — 535 доллар. Дәл осындай жәрдемақы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Отанды қорғау жөніндегі соғыс қимылдарына қатысқан адамдарға, 1943-1945 жылдары неміс оккупациясынан босатылғаннан кейін аумақтар мен нысандардағы минаны жоюға арнайы құрылымдарға қатысқан адамдарға төленеді.

Өзбекстан

Regnum сайтының ақпараты бойынша, Өзбекстандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай 15 миллион сум немесе шамамен 1350 доллар алады. РИА Новости мәліметінше, республикада ҰОС-ның 500-ге жуық қатысушысы және еңбек майданының 10 мыңға жуық қызметкері тұрады, олар да жәрдемақы алады.

Әзірбайжан

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев биыл 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға 1500 манат материалдық көмек төлеуді тапсырды. Бұл 882 доллардан асады.

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан немесе кейін қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, сол кездегі тылдағы қажырлы еңбегі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған адамдарға 750 манат төленеді.

2021 жылғы мәліметтер бойынша, Әзірбайжанда 181 ҰОС ардагері бар.

Қырғызстан

24.kg мәліметінше, Қырғызстандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай 100 мың сом алады, бұл — қазіргі бағам бойынша 1218 доллар.

Мұндай төлемдерді Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа да орындарда болған ҰОС қатысушылары, мүгедектері, бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары, қоршауда қалған кезеңде Ленинград кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталған адамдар, сондай-ақ, «Ленинград қоршауының тұрғыны» белгісімен наградталған адамдар алады.

Қырғызстанда 107 ҰОС ардагері тұрады.

Тәжікстан

Fergana агенттігінің ақпаратына сәйкес, Тәжікстанда да төлем мөлшері әр аймаққа байланысты болады. Мысалы, Душанбеде Ұлы Отан соғысының ардагерлері 3000 сомониден, яғни 240 доллардан, тыл еңбеккерлері, Ауғанстандағы соғысқа қатысушылар, Чернобыль апатының мүгедектері және конституциялық құрылысты қорғап, асыраушылары қайтыс болған отбасылар 800 сомониден, яғни 64 доллардан алады. Соғды облысында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, тылда жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ, қамқоршысыз қалған әскери қызметшілердің жұбайлары 6000 сомони немесе 480 доллар алады.

Когда счет идет на секунды

ДЕПУТАТЫ МАЖИЛИСА БЬЮТ ТРЕВОГУ – В КАЗАХСТАНЕ СИСТЕМА ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ И РЕАГИРОВАНИЯ НА ЧРЕЗВЫЧАЙНЫЕ СИТУАЦИИ СТАЛКИВАЕТСЯ С ТАКИМИ ОГРАНИЧЕНИЯМИ, ПРИ КОТОРЫХ ЭКСТРЕННЫЕ СЛУЖБЫ НЕ ВСЕГДА МОГУТ СВОЕВРЕМЕННО ДОБРАТЬСЯ ДО МЕСТА ПРОИСШЕСТВИЯ, А ИНФРАСТРУКТУРА ЭВАКУАЦИИ НАСЕЛЕНИЯ ПРИ ЗЕМЛЕТРЯСЕНИЯХ ФАКТИЧЕСКИ НЕ ИМЕЕТ ЧЕТКОГО НОРМАТИВНОГО ЗАКРЕПЛЕНИЯ.

Қазақстанда тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады: Нені білу керек? 

Қазақстанда әр азаматтың жер алу құқығы заңмен бекітілген. Соған қарамастан, іс жүзінде бұл процесс әлі де күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді.

Биыл 10 елді мекен табиғи газға қосылады 

Қазақстанда газдандыру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Қазіргі таңда ел бойынша шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген.

Көлік салығы төмендейді, мүлік салығы қайта есептеледі: Жаңа ережелер қандай?  

2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енген болатын. Ондағы басты өзгерістердің бірі – прогрессивті жеке табыс салығы.

Оқушылар қайтадан диктант жазатын болды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі жазба жұмыстары қайта енгізілетінін айтты.