«Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» — Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға, құрметтеуге арналған жоба

Бүгін, 9 мамырда сағат 09.00-де Tengrinews.kz жаңалықтар порталында Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлерін еске алуға арналған «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» атты онлайн-акция басталады.

Үш сағатқа созылатын акция «Жеңімпаздар» жобасы аясында оқырмандарымыз анкетасын жіберген батырлармен таныстырады. Жоба мен акция биыл Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.

2014 жылғы 9 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы 3,5 мыңнан аса оқиға жарияланған жоба. Қазақстан мен өзге елдердің оқырмандары жарты ғасырдан аса уақыт бұрын майданға аттанған аталары, әжелері, достары туралы ақпарат жібереді.

Қазақстандық ҰОС ардагерлер қоры Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевтың бастамасымен жүзеге асты.

«Жоба қазақстандық ардагерлер туралы тағы бір қорды қалыптастыру және оны аталарын еске алатын, құрметтейтін адамдардың көмегімен жүзеге асыру үшін дүниеге келді. Бұл жоба мұрағат болады деп үміттенбейміз. Бұл — Tengrinews және Tengrinews оқырмандарының күшімен жиналатын қарапайым картотека. Кез келген адам ата-бабалары, отбасындағы батырлар туралы ақпарат жариялай алады. Соғыспен байланысты әр отбасы ұмытылмауы керек. Ұлы Отан соғыспен байланысты естеліктерді сақтамасақ, қалпына келтірмесек, болашағымыздың бір бөлігін жоғалтамыз. Бұл — жобаның басты мақсаты», — деп атап өткен еді Батыр Қазыбаев.

Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады, ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін байланысы жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады