Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

«Қазгидромет» 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысында да ара-тұра тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Көкшетауда күндіз жел 15 м/с дейін күшейеді.

Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктері) күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде тұман күтіледі. Күндіз жел 18 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, таулы және тау етегіндегі өңірлерінде жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Қонаевта күндіз жел 18 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Алакөл көлдері маңында күндіз жел 15–20 м/с дейін күшейеді.

Шымкентте кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі, таулы және тау етегіндегі өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласында түнде жаңбыр мен найзағай болады.

Атырау облысының шығысында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Атырау қаласында да тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Қарағандыда да кей уақыттарда тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Жезқазғанда да ара-тұра тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Ақтауда да тұман болады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Павлодарда тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болады, таулы өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Таразда кей уақытта жаңбыр, найзағай және тұман болады. Күндіз жел 15–20 м/с дейін күшейеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Семейде де түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады, күндіз жел 15–20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.