Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті. Тазару күніне орай ұйымдастырылған бұл шара алматылықтарға ұлттық дәстүрлер заманауи экомәдениетпен және саналы тұтыну қағидаларымен үйлескен ерекше мереке форматын ұсынды.

«Іс-шараның негізгі идеясы қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар экосананы енгізу арқылы адамның санасын жаңарту», – деді Funk агенттігінің продюсері әрі директоры Майра Измайлова.

Бағдарламаның басты бөлігін апсайкл және ресайкл қағидаларымен жасалған арт-нысандардан тұрды. Қонақтардың ерекше назарын толықтай қайта өңделген материалдар мен тот баспайтын болат қалдықтарынан жасалған символикалық ер-тоқым, сондай-ақ қайта өңделген пластиктен, целлофаннан және тіпті Lego конструкторының бөлшектерінен жасалған авторлық қызғалдақтар көрмесі аударды. Бұл жұмыстарды Евгений Мұхамеджановтың экохабы ұсынды.

Шығармашылық атмосфераны суретші әрі нейродизайнер Риз Есентаев жасаған KDE-QAZAQ DINOSAUR ERA атты сатиралық экспозиция толықтырды. Мұндағы негізгі элементтер 3D-принтер арқылы басылып шығарылған.

Дәстүрлі мереке элементтері де экологиялық тұрғыда қайта түсіндірілді. Тігілген киіз үйлерде материалдарды қайта пайдалану бойынша шебердің сабақтары өтіп, қонақтарға ескі заттарға жаңа өмір сыйлау жолдары үйретілді. Алаңда қолөнершілер өздерінің қолмен жасалған ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдар мен киімдерін ұсынды. Белсенді демалысты ұнататындар үшін алтыбақан орнатылып, қауіпсіздікті еріктілер қадағалады. Сонымен қатар, көптеген тамақтану орны қонақтарға түрлі тағамдар мен сусындар ұсынды.

Фестивальдің музыкалық бағдарламасы түрлі буын мен жанрларды біріктірді. Сахнада танымал ұжымдар, соның ішінде этно-рок тобы Arkaiym, сондай-ақ жас орындаушылар – «Дәстүр» тобы мен «ӨЗЕН» резиденттері өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар жаңа таланттарды қолдау олардың іс-шараларының маңызды бөлігі екенін атап өтті, осылайша мереке қала жастарының шығармашылық өзін-өзі таныту алаңына айналды.

«Соңғы екі күн бойы «Атакентте» экофестиваль өтіп жатыр. Алаңда үлкен экран орнатылып, онда әртүрлі экологиялық тақырыптағы бейнероликтер көрсетілуде. Біз қала тұрғындарының экологиялық сауатын арттыруға және іс-шара аясында тұрғындар мен қала қонақтарына барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Кеңесбай.

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты.

28-30 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Спортты дамыту дирекциясы Шайдоровтың жалақысы туралы мәлімдеме жасады 

Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров отандық подкастардың бірінде жалақының уақытылы төленбей жатқанын айтып, қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, жеңістен кейінгі кезеңде қаржылай қолдау тоқтап қалған.

Қазақстанда бет-жүзді жабатын киім киген 1179 адам жауапқа тартылды 

ІІМ мәліметінше, жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында көзделген.