Жеңілдетілген автокредит: Қанша көлік сатылғаны белгілі болды

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша 974 автокөлік сатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамырдан бастап екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш түскен.

«Оның ішінде 65,1 миллиард теңге болатын 8 795 өтініш расталды. Бүгінгі таңда 974 автокөлік берілді», — делінген қордың хабарламасында.

Автокөліктерді ірі қалалар мен өңірлердің тұрғындары сатып алып жатыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 111,

Алматы қаласы – 201,

Шымкент қаласы – 108,

Ақмола облысы – 18,

Ақтөбе облысы – 35,

Алматы облысы – 7,

Атырау облысы – 26,

Шығыс Қазақстан облысы – 92,

Жамбыл облысы – 54,

Батыс Қазақстан облысы – 34,

Қарағанды облысы – 81,

Қостанай облысы – 65,

Қызылорда облысы – 16,

Маңғыстау облысы – 29,

Павлодар облысы – 37,

Солтүстік Қазақстан облысы – 14,

Түркістан облысы – 46.

Төлем қабілеттігін тексерумен және автокредитті мақұлдаумен екінші деңгейлі банктер айналысады. Өтініш беру және кеңес алу үшін серіктес банктерге хабарласуға болады: «Еуразиялық банк» АҚ, Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ.

Мамандардың айтуынша, 16 мамырда басталған жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасының бірінші кезеңіне 10 мыңға жуық қазақстандық қатыса алады.

Жалпы, револьверлік жүйемен жұмыс істейтін бағдарлама арқылы 30 жыл ішінде 70 мыңнан астам қазақстандыққа кредит беріледі.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...