12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды

Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин хабарлады.

«Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)», — деп жазды ол.

Мағауин туралы

Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол — тарихшы, жазушы, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізген.

1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық қызметте, 1988 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.

Шығармалары

Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны», «Көк мұнар», «Аласапыран», «Мен», «Жармақ», «Шыңғыс хан», т.с.с. шығармалары бар.

1984 жылы «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. 

Жазушының жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді. Бұл туралы ІТ саласындағы маман Тимур Бектұр жазды.

«Әгәрәки, АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай:

  • қаңтардың 9-ы, бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады,
  • қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі.
  • жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді», — деді ол.

«Рақмет», «Қайтардым» немесе «Қарыз» деп жазуға бола ма? Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмесі

Ақша аударған кезде "рақмет", "қайтардым" немесе "қарыз" деп жазуға бола ма, бұл салық органдары тарапынан туындауы мүмкін сұрақтардан сақтануға көмектесе ме?

Қазақстанда қандай ақшаны айырбастауға болмайды?

Қазақстанда қандай ақшаны айырбастауға болмайды? Бұл сұраққа Ұлттық банк жауап берді.

Перизат Қайраттың соты неліктен ішінара жабық өтеді?

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратқа сот отырысы неліктен ішінара жабық өтетінін түсіндірді.

Көліктер мен жүктерді шекара арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін

Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан шекарасы арқылы өткізу, оның ішінде ақылы негізде электрон кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін. Жаңа ережелерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды.

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қалай өседі? Министрлік жауабы

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыға 6,8 триллион теңге...