eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында БАҚ-та Қазақстан eGov-дан бас тартатыны, ал оның орнына барлық мемлекеттік қызметтерді жаңа платформа QazTech көрсететіні туралы ақпарат пайда болды. Ведомство басшысы Жаслан Мәдиев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Министрліктің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабына сүйенсек, бұл порталды жабу немесе одан бас тарту туралы әңгіме қозғалып отырған жоқ.

«Электрон үкімет порталы eGov.kz азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі құралы болып қала береді. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электрон форматта қолжетімді және eGov.kz бұл жүйеде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанда электрон үкіметтің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыс істеліп жатыр. Осы жұмыстар шеңберінде QazTech жаңа технологиялық платформасы енгізіліп жатыр, ол жаңартылған eGov 3.0 порталын дамыту үшін негіз болады», — деп жазылған ведомство жауабында.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін осындай іс-шаралар жасалып жатыр. Десе де қазақстандықтар қызметтің бұрынғы форматынан әлі де бас тартпаған.

«QazTech платформасын құру және eGov 3.0-ді енгізу Қазақстанға неғұрлым заманауи технологияларға көшуге, мемлекеттік қызметтердің жұмыс жылдамдығын арттыруға, кибершабуылдарға тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаңа цифрлық қызметтерді жылдам іске қосуға мүмкіндік береді», — деп толықтырды ведомство өкілдері.

«Жаңа eGov»-қа қашан көшеміз?

Қазір порталдың жаңа нұсқасы — eGov 3.0 жасақталып жатыр. Бейінді министрліктің мәліметтері бойынша жоба азаматтар мемлекеттік қызметтерге үздіксіз қол жеткізуі үшін кезең-кезеңімен іске асырылады.

«2025 жылдың өзінде-ақ eGov 3.0 жаңартылған компоненттерін енгізу басталады, олар біртіндеп қолданыстағы жүйеге біріктіріледі. 2026 жылдың ішінде толық көшу аяқталады деп жоспарланып отыр», — деп жазылған жауапта.

Министрлік мәліметінше, қазақстандықтар бұрынғы порталды пайдалана бере алады, олар тек портал жұмысы, дизайны, қызметтердің жылдамдығы жақсарғанын көреді.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...