Жазасын өтеушілер арасында шығармашылық сайыс өтті

Республика күніне орай Қызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шығармашылық сайыс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — сотталғандардың бойында ұлттық патриотизм мен отансүйгіштікті қалыптастыру.

Іс-шараны облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» комуналдық мекемесінің мемлекеттік тапсырысы аясында «Balans Plus» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Шығармашылық сайысқа діни экстремизм және терроризм баптарымен сотталған он бір жазасын өтеуші қатысып, олар «Отан. Сенім. Мемлекет» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде шығарма жазды. Шығарма қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған жазасын өтеушілер арнайы дипломдармен және қомақты сыйақымен (тарлан карт) марапатталса, қалған барлық қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Бүгінгі байқауға қатысып, бағымды сынап көрдім. Туып өскен жерім туралы шығарма жаздым. Ойымды еркін, жүйелі жеткізуге тырыстым. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынды иеленіп, қуаныштан толқып тұрмын. Қаншама сотталған арасынан жүлделі орын алу оңай емес, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...