Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесі аумағында. ҚР ҚМ «№ 02 кәсіптік-техникалық мектебі» ММ жұмыс істейді. «№ 02 кәсіптік-техникалық мектебі» 2024 жылы қараша айының соңынан бастап, Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі» бірігу жолымен колледж құрамына бірікті.
Қазіргі таңда мектеп ғимаратынд жазасын өтеуші жасөспірімдер «Электрдәнекерлеуші», «металл бойынша токарь»топтарында оқиды.
№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер мұнда кәсіптік білім алып шығады. Олар «Электрдәнекерлеуші», «Металл бойынша токарь», «Механикалық жинау жұмыстарының слесары» топтарында 6 ай сайын әр бала 3-мамандыққа ие болады.
Оқу кезеңі күн сайын алты күнтізбелік айды құрайды, демалыс күндерінен басқа, тәулігіне үш сағаттан аспайды, өндірістік практика кәсіптік-техникалық мектептің цехтарында өткізіледі. Өндірістік практиканы аяқтағаннан және біліктілік емтихандарын тапсырғаннан кейін сотталғандарға мамандығы бойынша екі біліктілік беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі.
«механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары» бойынша 7-жазасын өтеуші жасөспірім толық курс бітіріп сертификат алды. Салтанатты іс шараға «Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің» директоры С.Т.Сулейменов және №11 мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Б Сулейменов қатысып салтанатты түрде «слесарь» тобын бітіруші жазасын өтеуші жасөспірімдерге, оқуды аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік және сыйлықтар берілді.
«Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі» директорының Сулейменов С.Т. айтуы бойынша келесі күз айынан бастап, жазасын өтеуші жасөспірімдерге степендия тағайындалады. Олар колледж студенттері сияқты білім алып, оқыған мамандықтары бойынша болашақта диплом алады.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан