Жазасын өтеушілерге арналған тоқсандық ақпараттық-түсіндіру шарасы

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен 24 ақпан күні ҚР ІІМ ҚАЖК №79 Республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған тоқсандық ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.

Кездесуге «Жәрдем-Атырау» КҚ мамандары Ақерке Құбашқызы мен Гүлімжан Нұрвахитқызы және арнайы қонақ — «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, магистр, исламтанушы Қалқаева Айгерім Төреханқызы, ҚМДБ Атырау қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі, «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Данаева Назгүл Медерқызы қатысты.

Жиында ораза айындағы дұға мен ниеттің маңызын, адамның өмірінде кездесетін сынақтардың тәрбиелік мәнін кеңінен түсіндірілді. Әйел тұлғасының қоғамдағы орны мен жауапкершілігі айтылды. Сондай-ақ, жат діни ағымдардан сақтану жолдары ортаға салынды.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...