Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес әртүрлі қылмыстық жазаларға сотталған азаматтар көбінесе сот процесі аяқталғаннан кейін есепке тұру үшін пробация қызметіне келуді ұмытады немесе саналы түрде мүлдем келмейді. Осылайша, олар өздерінің жағдайын нашарлатады.

Сот үкімін алғаннан кейін оны орындау үшін пробация қызметкерлері сотталғанның тұрғылықты мекен-жайына барып, онымен немесе бірге тұратын адамдармен әңгімелеседі. Оларға қылмыстық-атқару заңнамасының ережелерін түсіндіріп, сондай-ақ, қажет болған жағдайда жұмысқа орналастыру және психологиялық жағынан көмек көрсетеді. Тіпті, мамандық алу үшін қысқа мерзімді оқуға баруға болатынын түсіндіреді. Болашақта үлгілі мінез-құлқы үшін жазадан мерзімінен бұрын босатылудың
да мүмкіндігі бар екенін ескертеді. Саналы азаматтардың көпшілігі өздері үшін дұрыс тұжырымдар жасайды, тіпті еріктілер қатарына жазылып, жақсылық жасауға ұмтылатындар да бар.

Өкінішке орай, барлық сотталғандар бірдей емес. Оларды жұмысқа орналастырғанымен бұрынғы өмір салтын өзгертпейді. Мысалы, 2022 жылдың басынан бастап Тайынша аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 7 сотталғанның бас бостандығын шектеу жазалары бас бостандығынан айыру жазаларына ауыстырылып, жаза өтеу тәртібін қасақана бұзғандары үшін түзеу мекемелеріне жіберілді.

СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша аудандық
пробация қызметі бөлімінің бастығы
әділет майоры А.Уваисов

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...