Жазалы балалар сертификат алды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11   мекемесі аумағында  ҚР ҚМ «№ 02 кәсіптік-техникалық мектебі» ММ жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық мектеп ғимаратында жазасын өтеуші жасөспірімдер «құрылыс ағаш ұстасы», «механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары», «металл бойынша токарь»топтарында оқиды. Кәсіптік-техникалық мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Касымов Жасұлан Жанабековичтің айтуы бойынша: Жасөспірімдерге А.С. Утеулиев  арнайы пәндер және материалтану мұғалімі, К.М.Бокотов, А.Ж. Махсутов слесарь мамандығының өндірістік оқыту шебері, тәжірбиелі мамандар сабақ береді. К.Д. Нуркин, С.Е.Калимолданов столяр мамандығының өндірістік оқыту шеберлері, К.Т.Умирбеков және К.М. Меңдыханов Е.А. Изенбаев токарь мамандығының өндірістік оқыту шеберлері жұмыс жасайды.

№11 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер мұнда кәсіптік білім алып шығады. Олар «Құрлыс ағаш ұстасы», «Металл жоңғыш токарь», «Механикалық  жинау жұмыстарының слесары» топтарында 6 ай сайын әр бала 3-мамандыққа ие болады.  «Токарь» №179 топта оқитын 8-жазалы жасөспірімдер оқуларын аяқтап, мемлекеттік үлгіде сертификат алды. Бұл салтанатты іс шараға Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Низамова Толунай Азатовна мектеп директорының орынбасары Бекташев Санжар қатысты. Жазалы жасөспірімдерді құттықтап, болашақта осындай жақсы мамандықтарды игеріп, бостандыққа шықанда осы алған құжаттарымен жұмыс жасап қоғамнан өз орнын табатынын айта кетті.

                                                                              №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...