Жаза өтеу тәртібін бұзған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді

Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебінде 40-тан астам адам есепте тұрады. Жыл басынан пробациялық бақылауға алынған 2 сотталған жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Жуырда тағы бір азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, құқықбұзушылық жасап жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді. Ол сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда,  бұл азамат пробация инспекторларының түсіндірме жұмыстарына құлақ аспай, сотпен жүктелген міндеттерді орындамай, белгіленген күндері пробация қызметіне келмей, тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасап, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Пробация қызметімен сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға құжаттары жинақталып, сотқа ұсыныс жолданған. Сотталғаннның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 1жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген.


Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...