Жаза мерзімін аяқтап бостандыққа шықты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде шарушылық қызметіне қалдырылған «Б» есімді азамат темір тордан, бостандық өмірге қадам басты. Бұған дейін ол, 188-бабтың 1-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Бұл мекемеде бес жыл мерзімде өзімнің қателігімнің салдарынан жазамды өтедім. Наурыз айының 7-жұлдызында жазамды толық өтеп, бостандыққа шығып отырмын. Бұл аралықта өзімнің қателіктерімді ой елегінен өткеріп, алдағы уақытта мұндай жазаны қайта жасамаймын деп  өз-өзіме ант бердім. Ендігі өмірімде отбасыма көңіл бөліп, қыздарымның және әйелімнің көңілін тауып, сондай-ақ, ата-анама уақытымды арнаймын. Тергеу мекемесінің басшысына, сонымен қатар, қызметкерлеріне алғысым шексіз деп өз рақметін айтты,- еркіндік өмірге қадам басқан азамат.

Мекемеде «Б» есімді азамат өзінің жазасын өтеу барысында өзінің белсенділігімен, талантты, дарындылығымен көзге жақсы түсе білді. Сондай-ақ, тәртібі жағынан шағым түспейтін. Шаруашылық қызметте жұмыс жасап, мекеме тарапынан берілетін айлық табысын өзіне және отбасына беріп пайдасын тигізетін. Көптеген іс-шараларға өз еркімен белсене қатысып, түрлі өлеңдер оқып, алғыр бола білді. Сондай-ақ босатылып жатқан азаматқа мекеме тарапынан жол жүру билеті беріліп, шығарып салынды дейді,- АКАӘПТЖБ-нің жасақ бастығы әділет лейтенанты Рамазан Әлмахан.

Мекемеден шығар-шықпас «Б» есімді азаматтың туған туыстары жылы құшақтарын кеңге жайып, сағына қарсы алды.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...