Жаза ауыстырылды

        Пробация санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және  әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. Пробация қызметі- қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық атқару жүйесінің органы.

Алайда, соттың берген мүмкіншілігіне карамай, адамдар уақытымен соттың үкімін орындамай жатады. Мысалы айтсақ, сотталған  25.06.2000 ж.т. А.В.В. 15.02.2021 жылы Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлігімен 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу тағайындалған, ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 1 тармағы, ҚК-нің 58 бабы 3 бөлігіне сәйкес, түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау орнатылған.  01.03.2022 жылы Өскемен қаласы №2 сотының залында сотталған А.В.В-ға қатысты сот отырысы жүргізілді. А.В.В соттың тағайындаған міндеттерін орындамады, мысалы, уақытымен  кезекті тіркеуге келген жоқ, сонымен қатар,  437 бабы 1 бөлігі, 434 бабы 1 бөлігі, 440 бабы 1 бөлігі бойынша 3 рет әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған, бас бостандығынан шектеу жазасын міндеттерін дұрыс орындамай, ескертулер салынды. Сотталғанның өтелмеген жазасы 8 ай 2 күн  мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы пробация қызметі бөлімінің ұсынымы қанағаттандырылды.   

  Г.М.Таткенова, ШҚО бойынша ҚАЖД

  Солжағалау аудандық

 пробация қызметі бөлімі әділет аға лейтенанты

 аға инспекторы

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...