Құжатсыз 30 жыл

Орал қаласында 30 жастағы қала тұрғыны бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған «Н» өмірінде тұңғыш рет жеке куәлік алды. Оған Орал қаласының пробация қызметі ПД көші-қон қызметімен бірлесіп көмек көрсетті, енді оған жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамту орталығына жолдама берілді.

Оның 30 жылдық саналы өмірінде сотталушының ешқандай құжаттары болған жоқ, сондықтан ер адам жұмысшы болып жұмыс істеді және ресми жұмыспен қамтылмады. Пробация қызметі сотталғанға көші-қон бөліміне жолдама беріп, БҚО полиция департаментімен бірлесіп құжаттандыруға және жеке куәлік беруге көмек көрсетті.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қылмыстың алдын алуда маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жұмыс әр сотталушымен жеке жүргізіледі-деп атап өтті, Орал қаласының пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Ж.Сарсенова.

«Бүгін 2023 жылғы 5 қаңтарда пробация және көші — қон қызметі қызметкерлерінің арқасында мен Қазақстан азаматы екенімді растайтын жеке куәлік алғаныма қуаныштымын», — сотталған осындай алғыс сөздерін білдірді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...