Жат ағымдардан қалай сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін Арал ауданының орталық мешітінің наиб имамы Н. Кеңесханов  аудандық пробация есебіндегі тұлғалармен кездесті. Кездесу барысында Рамазан айының оразасы жайында , жат ағымдардан қалай сақтану жолдарын түсіндірді. Алдымен ораза ұстау туралы айтып өтті.
Ораза –жан мен тәнді рухани тазартатын үлкен сабыр мектебі. Төзімділікке тәрбиелейтін, адам баласының шын ықыласпен тәубеге келетін айы.Яғни, адам отыз күн бойы жаман істерден тыю арқылы өзін тәрбиелейді. Оразадан кейін де адам жақсы ой мен ізгі істерге ұмтылады. Сондықтан жүректеріңізді, ойларыңызды таза ұстаңыздар деді. Ораза –жай ішіп-жеуден тыйылу емес. Ораза бос сөз бен жаман сөзден тыйылу,-деді Нұрлан Кенесханов.
Одан соң жат ағымдардан  сақтану, алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Қазір жасыратын жоқ, түрлі ағымдар бар. Теріс ағымдардың қаупінен сақтану жолы- діни сауаттылық.  Деструктивті ағымдардың етегінде кетіп қалмау үшін, олар жайында ақпараттарды діни білімі бар адамдардан алып, ақпараттық шараларға, түсіндірме кездесулерге жиі қатысу қажет,- деді найб имам.

Бүгінгі кездесуден көп ақпарат алдым. Теріс ағымдардың қауіпнен сақтанудың жолы-діни сауаттылықты арттырып отыру қажеттігін білдім. Найб имамға сауалымды да қойып, толыққанды жауап алдым. Осындай іс –шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз,- деді есептегі азамат.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...