12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАТ АҒЫМДАРМЕН КҮРЕС – ЖАЛҒЫЗ БАСҚАРМАНЫҢ міндеті емес

Сан түрлі деструктивті ағымдар ел ішіне іріткі салып, күрделі жағдай қалыптастырып отыр. Рухани тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында елімізде жүйелі мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Ақмола облысы да бұл тұрғыда айтарлықтай мол тәжірибесі бар аймақтар қатарында. Өңірдегі діни ахуал мен оның әсері және өзге де маңызды мәселелер жөнінде Ақмола облысы Дін істері басқармасының басшысы Болат Қасеновпен сұхбаттасқан едік.

– Болат Нығметжанұлы, облыстағы діни ахуалды қалай бағалайсыз?

– Жалпы алғанда, облыстағы діни ахуал тұрақты. Ақмола өңірінде түрлі дін өкілдері арасында өзара түсіністік қалыптасқан. Қоғам арасында діни негіздегі қақтығыс немесе келіспеушілік байқалмайды. Бүгінде өңірде жалпы саны 190 діни ұйым тіркеліп отыр. Олардың қатарында 87 ислам, 50 православие, 40 протестанттық, 11 католиктік бірлестік бар. Сонымен қатар, Бахаи діні мен Кришна санасы қоғамы да өз қызметін жүзеге асыруда. Жалпы, 151 діни нысан – мешіттер, шіркеулер мен ғибадатханалар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Әрине, елдің мемлекеттік дін саясатына байланысты барлық тиісті шаралар мен бақылау және мониторинг жүргізу сияқты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Ең бастысы дінаралық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету –басты мақсатымыз. 

– Басқарма аймақтағы діни берлестіктер жұмысына, дінге байланыста жұмыстарға талдау жүргізе ме?

– Ақмола облысы Дін істері басқармасы өңір аумағында діни сенім бостандығы мен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеді. Бұл бағытта біз дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүзеге асырып, діни келісім мен өзара ынтымақтастық қатынаста болуын бақылауда ұстап келеміз. Өңірде діни татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында діни бірлестіктер мен миссионерлік қызметті заң аясында үйлестіру, діни бірлестіктер мен миссионерлік қызметті заң аясында үйлестіру, халықтың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни идеологиялардың алдын алу, діни радикализм мен экстремизмге қарсы күрес жүргізу, діни әдебиет пен миссионерлерді тіркеуді бақылауға алу сияқты басты бағыттарға басымдық береміз. Жалпы мұнымен қоса басқарма жанынан құрылған «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» да жұмыс жүргізетінін атап өткім келеді. Бұл мекеме осы бағыттағы сараптамалық, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік жұмыстармен айналысады.

– Радикалды топтармен күрес және интернет кеңістігіндегі діни қауіптің алдын алу бойынша қандай жұмыстар қолға алынған?

– Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Радикалды діни топтар қай елге де зор қауіп төндіреді. Қазір жастардың көпшілігі ақпаратты интернеттен алатыны ақиқат. Осыған байланысты біз әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі заңсыз діни мазмұнды контенттерді анықтап, олармен толыққанды күрес жүргізіп келеміз. Мәселен, жыл басынан бері ғана облыс аумағында 374 заңсыз діни материал анықталып, бұғаттау үшін республикалық базаға жолданды. Сонымен қатар, деструктивті топтарға жазылған 60 574 қолданушыға қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн. Осының нәтижесінде 539 адам өз еркімен бұл топтардан бас тартты.

– Ел ішінде қазіргі уақытта аса жылдам қарқынмен дамып келе жатқан миссионерлік қызметке де тоқталып өтсеңіз. Облыста қанша миссионер тіркелген?

– Бүгінде облыс аумағында ресми тіркелген 25 миссионер уағыз жүргізуде. Олардың басым бөлігі шетел азаматтары. Атап айтқанда,  Польша, Ресей, Филиппин елдерінен келген миссионерлер негізінен католиктік және протестанттық бағытта жұмыс істейді. Олардың қызметі толығымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс және біз бұл процесті қатаң түрде қадағалап отырмыз. 

– Діни сауаттылықты арттыру бағытында қандай шаралар қолға алынуда?

– Халықтың діни сауаттылығын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе дер едім. Аталған жұмысты сапалы жүргізу үшін облыс бойынша 202 адамнан тұратын 24 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді. Олар жыл басынан бері 2968 іс-шара өткізіп, 42 мыңнан астам адамғаи кеңес беріп, жол нұсқады. Оң-солын әлі танып үлгере қоймаған жастар мен жасөспірімдердің діни фанаттар жетегінде кетпеуі де аса өзекті. Сондықтан, жастармен белсенді түрде жұмыс жүргізілуде. 15 мыңнан астам жастар мен студенттерге семинарлар, дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан азаматтармен де арнайы теолог мамандар жұмыс істейді. Бұл – олардың рухани оңалуына көмегін тигізетіні сөзсіз.

– Дін саласына бөлінетін қаражат қомақты ма?

– Мемлекет тарапынан дін саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтпеске болмайды. Биылғы жылы аталған бағытқа ғана жалпы сомасы 294,3 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп. Аталған қаржының басым бөлігі ақпараттық түсіндіру жұмыстарына, әлеуметтік зерттеулерге, жастармен кездесулерге, сондай-ақ семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға бағытталып отыр.

– Діни экстремизмнің алдын алуда қандай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істейсіздер?

– Бұл жұмыс тұрақты әрі кешенді түрде жүргізіледі. Біз құқық қорғау органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, сонымен қатар білім беру мекемелерімен де тығыз байланыстамыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деструктивті ағымдардың алдын алу – тек бір басқарманың ғана міндеті емес. Бұл барлық мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ қоғамдағы әрбір саналы азаматтың ортақ міндеті. Басты мақсат – ел ішіндегі бейбітшілік пен рухани келісімді сақтау. 

– Өңірдегі діни ахуалды одан әрі жақсарту үшін тағы қандай жұмыстар қолға алынуы керек?

– Біз дін саласындағы жағдайды үнемі зерттеп, алдын алу шараларын жетілдіріп отырамыз. Алдағы уақытта ақпараттық жұмыстарды кеңейту, жастармен тікелей байланысты күшейту, діни ұйымдармен өзара әріптестікті тереңдету, чат-бот, онлайн-консультациялар, басқа да заманауи цифрлық құралдарды енгізу секілді бағыттарға басымдық беру маңызды. Біздің басты мақсатымыз – Ақмола облысында діни тұрақтылықты сақтау және халықтың діни құқықтарын қорғау. Дін – бұл тек сенім мәселесі ғана емес, ол – елдің ішкі тұрақтылығы мен болашағына әсер ететін аса маңызды фактор. Сол себепті бұл салада байыпты, әрі нақты қадамдар қажет.

– Әңгімеңізге рақмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

«АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ!» ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА АРТЫНДА НЕ ЖАТЫР?

Соңғы жылдары елімізде қоғамдық тәртіп пен заңды өрескел түрде...

eGov Business – кәсіпкерлердің цифрлық көмекшісі

Енді жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері өз...

Процестік келісімге келудің тәртібі қандай?

Қылмыстық-процестік кодексіне мен іс жүргізуге, сотталушы немесе сотталған тұлға...

Делдалдарға алданып қалмаңыз!

Көлік құралдарын міндетті сақтандыру полистерін (АҚЖС) делдалдар арқылы сатып...