Жасырын Wi-Fi роутер радиоқабылдағыштың ішінде: Алматы облысындағы колонияда тыйым салынған құрылғыны өткізу әрекеті тоқтатылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік деңгейіндегі №14 мекемеде сотталған адамға тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Оқиға 17 маусым күні «Заслон» республикалық режимдік-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Сотталғанның атына келіп түскен сәлемдемені тексеру кезінде мекеме қызметкерлері ішінде радиоқабылдағышы бар көк түсті қорапқа назар аударған.

Құрылғы корпусын мұқият тексеру барысында оның ішінен Hoco маркалы жасырын портативті Wi-Fi роутері табылып, алынды.

Тыйым салынған құрылғы белгіленген тәртіппен тәркіленді.

Аталған факті бойынша материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен жолданды.

ҚАЖ департаментінде мұндай әрекеттердің алдын алу жүйелі түрде жүргізілетінін және тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...