Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде айыпталушы азаматқа жасырын түрде насыбай алып кірмек болған азамат анықталды.

           Нақтырақ айтар болсақ, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлгімен мекемеде қамауда отырған айыпталушы азаматқа сәлем-сауқат әкелу барысында тағамдар арасынан 2 дана пакетке салынған «Насыбай» тәркіленген. Бұл тиым салынған затты, мекеменің РжКБ-нің бақылаушысы әділет сержанты Қ.Сақтағанов анықтап, мекеме бастығына, жедел бөлім уәкілдеріне сонымен қатар, режим бөлімінің бастығына хабарлап, нәтижесінде 2 дана пакетке салынған насыбайды айғақ зат ретінде тіркеді.

           Бұл қылмыстық іс, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

           Айте кетейік, «насыбай» денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі. Оның қалай жасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылдан бастап тыйым салған. Сондай-ақ, “Насыбайды” қолданған, сатқан әрбір азаматқа заңсыз сатқаны үшін 25 АЕК немесе 92 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл көзделген.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

М.Жолдасбекқызы

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...