12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Десек, бұл қадам жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірінен санала­ды. Ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­на қа­жет. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді.

Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­суы үшін жастарымыз сыбайлас жем­қор­лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның құқықтық сауаттылығының төмен немесе жоғары болуына байланысты. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген се­нім­ді­лігін күшейтеді.Бұл жерде жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруда отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды. Дамыған елдерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыру ба­рысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениеттің қалыптастырылуын оқу орын­дарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұр­пақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке­рек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады. Бүгінде мемлекеттік органдар­да сенім телефондары орнатылған. Бұ­қа­ралық ақпарат құралдарында мем­ле­кет­тік қызметтердің көрсетілуі туралы ма­қалалар жариялануда. Мемлекеттік ор­гандардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өт­кізілуде. Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады.Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан­­дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү­­зеге асырылып келеді. Сыбайлас же­м­­қорлықтың көріністерін жою мақ­са­тында заңнамалық актілер қа­был­дан­ды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қыз­мет­­тердің алынуын жеңілдету үшін элек­тронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты ен­гізілді.

Жомарт Қалила,

Алматы қалалық әдіілет департаменті

Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік  қызмет көрсету бөлімінің бас маманы

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...