Жастар ресустық орталығының мамандары сотталғандармен кездесті

Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды қоғамға бейімдеп, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік және құқықтық психологиялық көмек көрсетуге, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлікпен айналысу жолдарын түсіндірді.

Кездесуге 10 сотталған қатысты. Түсіндірме жұмыстарынан соң Денсаулық сақтау орталығының психолог маманы тренинг жүргізді. Өз ойын ашық жеткізіп, белсенділік танытқандарға алғысхат пен сыйлықтар табыстады.

«Мен бүгінгі кездесуден арнайы мамандардан кеңес алдым. Алдағы жоспарымда жеке кәсіп ашсам деп ойда болатынмын. Сол ойымды жүзеге асыру үшін бүгінгі шарадан мол мағұлмат алдым. Сол сияқты тренинг өткізген психологтар өзіме деген сенімділікті арттырды»,- деді Сырдария аудандық пробация есебіндегі сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...