12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жастар кеңесі: Алматы жастарына арналған дамудың жаңа бағыты

Жыл басынан бастап қаламыздың барлық комьюнити орталықтарында жастардың жеке және кәсіби дамуын қолдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл бастама «Жастар кеңесі» жобасы аясында жүзеге асырылып, Алматы қаласының белсенді жастары үшін жаңа білім алу, тәжірибе жинақтау және заманауи дағдыларды меңгеру мүмкіндігін кеңейтіп отыр.

Комьюнити орталықтарының алаңында ұйымдастырылатын шеберлік сабақтары мен тренингтер жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, командамен жұмыс істеу және шығармашылық ойлау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ, түрлі сала мамандарымен өткізілетін ашық кездесулер арқылы қатысушылар еңбек нарығындағы жаңа тенденциялармен танысып, өз болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қажетті білім мен тәжірибеге ие болады.

Жобаның тұрақты қатысушыларының бірі, жас көшбасшы Әлия Қуанышбек өз әсерімен бөлісті:

«Комьюнити орталығында өткен әрбір шеберлік сабағы мен кездесу менің жаңа қырларымды ашуға көмектесті. Мұнда тек білім бермейді, шабыт береді және өз әлеуетіңді жүзеге асыруға жол ашады. Осындай мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын.»

Қаланың барлық аудандарында қолға алынған бұл жүйелі жұмыс жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларды заманауи талаптарға сай дамуға ынталандыруда. Алматы жастарының жаңа идеялары мен бастамаларына жол ашатын комьюнити орталықтары алдағы уақытта да білім мен ынталандыру алаңы бола береді.

Молодежный совет: новый импульс для развития алматинской молодежи

С начала года во всех комьюнити-центрах нашего города проходят...

Биржалық сауда азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсуге тікелей байланысты — Сергей Цой

Әлемдік экономика тұрақты даму талаптарына қарай бет бұрып келеді,...

В Казахстане успешно завершена посевная кампания

В Казахстане полностью завершена посевная кампания 2025 года. Благодаря мерам...

Қазақстанда егіс науқаны сәтті аяқталды

Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды.Мемлекеттік қолдау...

АЭС: Разьяснения на слухи относительно стоимости строительства

Казахстан готовится к строительству первой АЭС – шагу, способному...