Жасақ бастығы жауапты лауазым

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде арнайы контингенттер мен жұмыс жасау, яғни, мекемедегі сотталғандармен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерлердің бірі ол – жасақ бастығы. Қазіргі таңда, тергеу мекемесінде жасақ бастығының қызметін 2023 жылдың тамыз айынан бері әділет лейтенанты Әлмахан Рамазан Ермаханұлы қызмет атқарады.

           Жасақ бастығының міндеті тәртіп пен заңды қатар ала жүріп, сотталған азаматтарды өмірге қайта бейімдеп, қоғам қатарына қосу мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, психологиялық тренингтер мен арнайы мамандармен жеке кездесулер жиі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бостандыққа шығуға дайындалып жүрген сотталған азаматтар үшін арнайы «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылып, мекемеге келген мамандармен бірлесіп, сотталған азаматтарға өмірге бағыт-бағдар береді.

           Жасақ бастығы мекемеге келгеннен  ең алдымен, сотталған азаматтардың киім үлгісіне, түр түсіне, тазалығына, жатын орнының біркелкілігін тексеріп, сапқа тұрғызып түгендейді. Күнделікті күн тәртібімен таныстырып, шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтарға тиісті жұмыстарын тапсырады. Бұл қызметтері үшін сотталған азаматтарға мекеме тарапынан ай сайынғы еңбек жалақылары төленіп отырады. Сондай-ақ, жақындарымен туыстық қарым-қатынастарын үзбеу мақсатында аптасына бір рет таксафон мен сөйлесу мүмкіндігі беріледі және жылына бір рет «Ашық есік» күні ұйымдастырылады. Бұл күні сотталған азаматтар жақындарымен кездесіп, сағыныштарын басып, ашық тілдесе алады.            

Мекемеде қызмет атқаратын әрбір қызметкер антына адал қызмет атқара отырып, сотталған азаматтарды бостандыққа яғни жаңа өмірге бейімдеп, қоғамға қауіпсіз азамат ретінде тәрбиелейді.

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...

Сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...