Жасанды интеллект жасушаларды 50 есе тез жасартатын әдіс тапты

OpenAI мен Retro Biosciences адам ағзасындағы әртүрлі тінге айнала алатын жасушаларды қайта бағдарламалау маркерлерінің белсенділігін 50 есе арттыруға қол жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OpenAI-ға сілтеме жасап.

Оолар GPT‑4b micro атты арнайы жасанды интеллект моделін жасап, адам жасушаларын жасартуды 50 есе жылдамдатқан.

«Яманака факторлары» деп аталатын төрт ақуыз GPT‑4b micro арқылы биомедициналық деректер негізінде үйретіліп, қартаюға бет алған жасушаларды жас жасушаларға тез айналдыруға мүмкіндік алды. Бұл жасушалар кез келген тінге айнала алады.

Табиғи жағдайда бұл ақуыздардың белсенділігі өте төмен, ал жасушаларға қолдан жас енгізу бұрын баяу әрі тиімсіз болатын. Компания ақуыздардың жаңа нұсқалары олардың тиімділігін 50 есе арттырып, қарт донорлардың жасушаларын тез «жасартуға» мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, бұл ақуыздар ДНҚ-ның зақымданудан кейін қалпына келу процесін де жеделдеткен.

Retro Biosciences шамамен бір миллиард доллар инвестиция тартып үлгерген. Алдағы жоспарлар — Альцгеймер сияқты жасқа байланысты ауруларға қарсы терапиялар жасау, сондай-ақ ми мен қан түзуші тіндерді қалпына келтіру.

Әртүрлі болжамдарға сәйкес, клиникалық сынақтардың толық циклі 2027 жылдың аяғына дейін аяқталуы мүмкін.

Бұған дейін біз ағзаны жасартудың дәстүрлі тәсілдері туралы жазғанбыз. Мысалы, DO-HEALTH зерттеуі омега-3 қабылдаудың биологиялық жасқа нақты әсер етуі мүмкін екенін көрсетті.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.