spot_img
spot_img

Жасанды интеллект дәуіріндегі сот

Жолдау – мемлекеттің бүгінгі атқарылған жұмысына баға беріп, алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат. Жыл сайын Президенттің халыққа арнап өз жолдауын жариялайтыны тұрақты дәстүрге айналған. Бұл құжатта әр саланың жетістігі мен кемшілігі көрсетіліп, жұмысын жүйелеуге жол ашатын тапсырмалар жүктелетіндіктен, Қазақстан тұрғындары да әр жолдауды тағатсыздана тосады. Жолдаудың елдің еңсесін көтеретін, елдік мәселелерді шешетін пәрменіне сенеді. 

Расында да бұл құжатта көтерілген мәселе, берілген жспар-жобаның ескерусіз қалған кезі жоқ. Соның ішінде сот саласында да жолдаудағы басымдықтарды бағдар ете отырып жүргізілген реформалар жеткілікті. Қолға алынған бастамалар мен жаңа жобаларға да осы жолдаулардың жолбасшы болғанына жылдар бойы куә болып келеміз.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауы да замана лебін дәл тауып, қоғамның негізгі даму жолын көрсетуімен құнды болып отыр. Бүгінде әлем цифрлық өзгерістермен күнделікті бетпе-бет келуде. Белгілі бір салалар ғана емес, мемлекеттік қызметке роботтарды тартып жатқан елдер баршылық. Кейбір салаларда жасанды интеллектінің күшімен бүкіл мемлекеттік қызметті электрондық жүйеге көшіріп, жеделдікке, ашықтыққа қол жеткізгендер баршылық. Президент жолдауындағы тапсырмалардан кейін біздің елімізде де бұл бағытта елеулі өзгерістер мен жаңа батамалардың қолға алынары күмәнсіз.

         Отандық соттың дамуына да жаңа жолдаудың қозғау салып отырғаны рас. Десек те, соттар басқа құзырлы органдармен салыстырғанда жаңа технология жетістіктерін ең алғаш, әрі ең белсенді қолданған құрылымның бірі ретінде есте тұратыны белгілі. Қазақстандық сот ең алдымен барлық мәжіліс залдарын дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жарақтандырып, куәларды қашықтан сот отырысына қатыстыруға мүмкіндік туғыды. Бұл процесс жетілдіріле келе кейіннен сот отырыстарын онлайн өткізу тәртібі қалыптасты. Соның арқасында бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус індеті кезінде де отандық сот іркіліп қалмай, барық істерді онлайн қарап, сот процесінде қандай да бір қиындықтар, мәселелер туындаған жоқ. Бүгінгі күні азаматтар онлайн соттарға әбден үйренген. Оның тиімділігін де тәжірибе барысында көріп жүр. Расында да онлайн соттар тез, ыңғайлы, ашық, тиімді. Сотқа арнайы барып қатыспаған соң бұл уақыт жағынан ұтымды, қаржылық шығынды да қажет етпейді.

         Ал «Сот кабинеті» бірегей сервисі, «Төрелік» жүйесі құжат айналымындағы қағазбастылықты толық жойып, арыз-шағымдарды электрондық түрде жолдап қоймай, сұраныстарды да электронды түрде жедел алуға жол ашуда.

         Жаңа жолдау осы жақсы істерді одан әрі жандандыруға, жасанды интеллект жетістіктерін тиімді қолдануға мүмкіндік берері анық.

Рустам Измайлов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...