spot_img
spot_img

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Кітаптың бірінші бөлігінде жасанды интеллект ұғымы, оның жұмысы, қолдану салалары, артықшылықтары мен мәселелері, болашағы, дұрыс промпт жазу нұсқаулығы, промпт жазу құралдары мен техникасы, пайдалы 1000-промпт, маркетинг пен жарнамаға арналған CHATGPT сұраулары, CHATGPT промптарына арналған. Екінші бөлігінде нәтижелі әрекетке шақыруға арналған ең үздік CHATGPT және Аl промптары қамтылған.

– Жасанды интеллектті (ЖИ) әркім әрқалай қабылдап жатыр. 2 жылдан бері бұл тақырыпта түрлі семинар-тренингтер өткізіп жүрмін. Қысқа уақытта қатысушыларға бәрін үйрету мүмкін емес екеніне көз жеткізген соң, былтыр күзде арнайы кітап жазу туралы идея келді. Ондағы басты мақсат – қазақтілді оқырманға ЖИ ұғымын ақпараттық технологиялар не ғылым саласының тілінде емес, қарапайым тілде түсіндіру болды. Кітап мың данамен шыққан, алайда сұранысқа байланысты тағы мың данаға тапсырыс беріп қойдық. Жылдың соңына дейін 25-30 мың данаға дейін басып шығарсақ деген ойымыз бар, – дейді кітап авторы, журналист Мейіржан Әуелханұлы.

ЖИ-дің кеңінен қолданылуы жеке өмір мен қауіпсіздік мәселелерін өзімен бірге ала келді. Жеке деректердің көптігі мен олардың аутенфикациясы, құпиялық пен қауіпсіздік мәселелері – қазіргі күннің өзекті тақырыптарының бірі. Сондықтан жаңа технологияларды енгізген кезде этикалық нормалар мен заңнамалық талаптарды міндетті түрде сақтау керек. 2020 жылдан бастап ЖИ саласында елеулі өзгерістер орын алды. Зерттеушілер нейрондық желілердің құрылымын жетілдіріп, машиналық оқыту әдістерін дамытты. Бұл заманауи технологиялар шамадан тыс деректерді өңдеудің жаңа, күрделі әрі тиімді әдістерін ұсынады.

– ЖИ-дің болашағы зор: алдағы уақытта жалпылама ЖИ (AGI) жүйелерінің дамуы, түсінікті және әділетті жүйелер (XAI) құру, сондай-ақ адам мен машина арасындағы ынтымақтастықтың нығайтылуы күтілуде. Мұндай жүйелер адамның креативтілігі мен сараптамалық қабілетін толықтырып, жаңа шешімдер мен идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Автоматтандыру мен робот техникасы еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп, жаңа мамандықтардың пайда болуына және білімнің артуына ықпал етеді, – деген М.Әуелханұлының сөзіне қарағанда соңғы жартыжылдықта Қазақстанда ЖИ өте жоғары қарқынмен дамып жатыр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...

Қазақстан экономикасындағы жаңа бағыт: Цифрландыру кезеңі

Қазақстан өңдеу өнеркәсібін жаңғыртуда жаңа, тарихи маңызды кезеңге аяқ...