ЖАС ЖЕТКІНШЕК НҰРАСЫЛДЫҢ АРМАНЫ – ПОЛИЦЕЙ БОЛУ

Биыл наурыз мерекесі елімізде ерекше тойлануда. Жаңаша мәнге ие болған мерекедегі мейірім күні ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында да өзгеше аталып өтті.
Атап айтқанда тағдырдың ауыртпалығына ұшыраған балаларға көмек қолын созып жүрген “Менің Арманым” корпоротивтік қорының өтінішімен 11 жастағы Нұрасыл атты жеткіншек Академияға келіп, іргелі оқу орнының тыныс тіршілігімен танысты. «Менің Арманым» қорының ондағы мақсаты – болашақта полиция қызметкері болуды армандайтын Нұрасылды Академия өмірімен таныстыру.
Арманшыл баланы үлкен ізетпен қарсы алған академия басшылығы оған зор мүмкіндік тудырды. Нұрасыл академиядағы музейдің жәдігерлерін тамашалап, спорт залдағы түрлі жаттығуларды көріп, риза болды. Сондай-ақ ол полиция қызметкерлері қолданатын қарулармен де танысты.
Ауыр дертпен күресіп жүрген Нұрасылдың қалауын орындап, мейірімділік танытқан Академия басшылығы естелікке сыйлық ұсынып, оны шексіз қуанышқа бөледі.
Курсанттардың өмірімен танысқан жеткіншек талпынса өмірдегі арманының орындалатынына сеніммен аттанды.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...