Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, 100-ден астам адам зардап шекті

16 наурызда Жапонияның солтүстік-шығысында жергілікті уақыт бойынша сағат 23:36-да (Нұр-Сұлтан 20:36) жойқын жер сілкінісі болды. Бастапқыда елдің ұлттық метеорологиялық бюросы жариялаған мәліметте жер сілкінісінің күші 7,3 деп есептелсе, кейін 7,4-ке көтерілген. Жерасты дүмпулері Тынық мұхитының Фукусима префектурасына жақын жерде 57 шақырым тереңдікте болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews және РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, жер сілкінісінен аз дегенде 126 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан.

Оқиға салдарынан екі миллионға жуық үй электр жарығынсыз қалған, оның 700 мыңы — Токиода. Қазіргі уақытта электр қуатын беру қалпына келтірілді. Ивате, Мияги және Фукусима префектураларында төрт мыңнан астам үй шаруашылықтары сусыз қалған.

Жер сілкінісінен кейін метеорологтар 11 жыл бұрын толқыннан атом электр станциясына зақым келген Мияги және Фукусима провинцияларында цунами қаупі барын хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін цунами қаупі толығымен жойылған. «Фукусима-1» АЭС аймағындағы радиациялық фон жоғарылаған жоқ.

Бейсенбі күні таңертең аймақта магнитудасы 2,5-тен жоғары жел сілкінісі болды, ол қатарынан 20 рет қайталанған.

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...