12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАҢА ЗАҢ ЭКОНОМИКАНЫ ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ҚҰТҚАРМАҚ

Елімізде өндіріс орнына қойылатын қарапайым талаптар мен өнім сапасының стандарттары толық сақталмайды. Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің санитарлық талаптарға сай келмейтін орында шығарылатын жағдайлары тіркелуде. Сонымен қатар штатында бірде-бір қызметкері жоқ, тек қазақстандық үлгідегі мөрі мен жапсырмалары бар жай пәтерде миллиондаған тауар өндіретін жалған өндірістер бар екен. Осындай ұйымдар мемлекеттің жыл сайын қазақстандық өндірушілерді қолдауға бөлетін триллиондаған теңгесінен енші алып, салықтық жеңілдіктерді иеленуде.

2023 жылы Бас прокуратура осындай 206 бұзушылықты анықтапты. Бұдан басқа, уəкілетті орган жүргізген 42 тексерудің қорытындысы бойынша 40-тан астам əкімшілік іс қозғалған. Анықталмай, судан құрғақ шығып жүргендері қаншама?! Енді осындай ауырдың үсті, жеңілдің астымен үріп ішіп, шайқап төккендердің жолы жабылмақ. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша енгізіліп отырған қазақстандық тауар өндірушілердің толыққанды тізілімін құру тетігі сертификаттау процесінің ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Ал бұл – өндіріс орнына қойылатын талаптар мен өнім сапасының стандарттары сақталуының толыққанды кепілдігі. Жаңа құжат 2023 жылдың бірінші қыркүйегіндегі ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында Мəжіліс пен Сенат депутаттарының бастамашылығымен əзірленіпті. Заң жобасының мақсаты – импорттық тауарларға тəуелділікті төмендету, жоғары локализация деңгейі бар өндірістік циклды қалыптастыру, заманауи технологияларды жеткізу, олардың трансферті мен жаңа өндірістерді локализациялау. Құжатты жалпы отырыста Мəжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов таныстырды. Қазіргі таңда үш түрдегі яғни, «СТ-KZ», индустриалды сертификат жəне экспорттық тауар шығу сертификаттары бар. Бұл сертификаттарды «Атамекен» кəсіпкерлердің ұлттық палатасы береді. Заң жобасы аясында қолданыстағы барлық өндірушілер бір тізімге қосылып, бұл «СТ-KZ» сертификаттары мен индустриалды сертификаттарды функционалды түрде алмастыратын болады. Баяндамашының айтуынша, қазіргі уақытта сертификаттау процесі едəуір уақытты алуымен қатар қаржылық шығындарды талап етіп, шағын жəне орта бизнес үшін қиындық тудырып келеді. Сонымен қатар бұл құжаттар ақылы жəне жеке сарапшылардың қорытындысы негізінде берілетіндіктен, адами фактор ықпалына айрықша ие жəне мемлекеттің ақпараттық жүйелері, өндірушілердің бірыңғай дерекқорымен интеграцияланбаған. Осының бəрі сертификаттау процедураларының объективтілігі мен ашықтығына қауіп төндіреді. Қаралып отырған заң жобасы бойынша ұсынылған тізілімге кəсіпорындар ақысыз енгізіледі жəне оған қосылу мерзімі бойынша шектеулер болмайды, бұл бизнес үшін уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Құжат СТ-KZ сертификаттары мен өнеркəсіптік сертификатты беру барысында анықталған кемшіліктерді жойып, тауар өндірісін растау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жаңа тізілім толыққанды ақпараттық жүйе болады жəне ол қажетті құжаттарға сараптама жүргізу үшін басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланады. Тізілім өтініш беруші мен əкімші арасындағы байланыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек тізілімді əзірлеу барысында жеке сараптамадан мемлекеттік сараптамаға көшу ұсынылып отыр. Бұл шараға бизнес өкілдері де қатысатын болады.Тізілімді жүргізуге жауапты уəкілетті мемлекеттік орган – Индустрия жəне құрылыс министрлігі болмақ. Оны қалыптастыру жəне жүргізу өтініш беру, цифрлық верификациялау, өндірісті бағалау жəне тізілімге қосу немесе қоспау туралы шешім қабылдау секілді бірнеше кезеңнен тұрады: Тізілім сонымен қатар Қазақстанда жұмыс істейтін тауар өндірушілері туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізудің бірегей жүйесін құруға мүмкіндік береді. Экономиканы дамыту жəне əртараптандыру бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдауды тек қазақстандық тауар өндірушілерге бағыттау мүмкіндігін арттырады. Бұл тəсіл ресурстарды мақсатты пайдалану, жергілікті өндірісті ынталандыру жəне Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен олардың өндірушілері туралы ақпаратқа бірегей қол жеткізуге жол ашады. Осының бəрі ұлттық экономиканың дамуына ықпал жасайды. Депутаттар бұл құжатты бірауыздан қолдады. Жиында сөз алған депутаттардың қай-қайсы да оның отандық өндірісті қолдауға жəне мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған заң екенін айтып жатты. Депутат Нұртай Сабильяновтың сөзінен түйгеніміз, отандық өндірушілердің шынымен кімдер екенін анықтап алмайынша, біз өз бюджетіміздің қаражаты есебінен өзгелерді байытып, олардың экономикасын өсіре беретін боламыз. Бұл қаражатты өте тиімсіз пайдаланудың белгісі. «СТ-KZ» жəне индустриялық сертификаттар бастапқыда отандық өндірушілерді нақты қолдау үшін құрылды. Олардың негізінде мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде преференциялар беріледі, жеңілд іктер мен субсидиялар алуға мүмкіндік жасалады. Алайда, тəжірибе көрсетіп отырғандай, қолданыстағы сертификаттау жүйесінде оның сенімділігіне нұқсан келтіретін елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктер болуда. Мəселен, жалған өндірістерді тіркеу жағдайлары орын алып жатыр. Мысалы, Атырауда «Исатай мен Махамбет» ескерткішінің орналасқан жеріне өндіріс бар деп сертификат берілген. Талдықорғанда сертификат алған субьекті өндірісінің мекенжайы ретінде монша кешені көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстанда жасалған өнім ретінде сертификаттар импорттық тауарларға, атап айтқанда: латекс қолғаптарына, LG теледидарларына, жасанды кө

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Қазақстандық техникалық мамандарға арналған "Наурыз жұмыскер" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

-38 градус аяз: Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жасалды

Елдің басым бөлігінде ауа райы күрт суытты. Аязға байланысты бірқатар өңірде мектептер қашықтан оқып жатыр.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беру жоспарланып отыр

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек беру жоспарланып отыр. Бұл жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Қазақстандықтардың есепшоттары қандай жағдайда бұғатталады? Министрлік жауабы

Вице-министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексі аясында қарыз сомалары бойынша сараланған тәсіл қолданылады.

АҚШ Қазақстаннан жалға алғысы келетін Алматыдағы учаске қай жерде?

Жобалық келісімге сәйкес, Қазақстан үкіметі АҚШ-қа 70 593 шаршы метр жер учаскесін жалға береді.