12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаңа сот сатысы – кассация

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа сот сатысы – кассациялық сот қолданысқа енеді. Астанада құрылатын үш дербес кассациялық соттардың жұмысынан халықтың күтері көп. Кассациялық сатыға өзгеріс енгізу, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды толыққанды қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің кәсіпкерлері бас қосқан басқосуда жан-жақты талқыланған еді. Көпшіліктің пікір-ұсынысына құлақ асқан Президент осыдан кейін құзырлы органдарға кассациялық сатының жұмысына қайта қарауға тапсырма берген еді.

Президент тапсырмасына орай түрлі жиындар, талқылаулар өткізіліп, өзге елдердің тәжірибелері зерделене келе үш дербес кассаиялық сот қүру туралы шешім қабылданды. Соған орай «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» заңына 2024 жылдың 5 шілдедегі заңмен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда жаңа сот сатысы – кассациялық соттың маңызы мен жұмыс істеу тәртібі дәйектелген.

Жаңа өзгеріске дейін кассациялық сот сатысының Жоғарғы Сот құрамында болғаны белгілі. Бұл кезде сот қоржынына түскен барлық істерді кассациялық сатыда қайта қарауға мүмкіндік болмады. Яғни «таңдап қарайтын кассация» жұмыс істеді. Сәйкесінше бұл кезде азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралса, іс татуласу рәсімімен аяқталса, жеке тұлғалар үшін талап қою сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, заңды тұлғалар үшін 30 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса бұндай істер кассацияда қаралмайтын. Қылмыстық істерден қылмыстық теріс қылық жасау бойынша қаралған істер кассацияда қаралмады. Ал, жаңа өзгеріске орай кассациялық сот «жалпы қарайтын кассация» тәртібімен жұмысын жүргізеді.  Осыған орай кассациялық сотқа сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарау; сот практикасын зерделеу; оның қорытындысы бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарау; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жүктелген.

Жаңа сот сатысы ел үмітін ақтайды деген сенімдеміз.

Б.Амиркулов,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Заң мен тәртіп басты орында

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру – біздің еліміздің...

Основная миссия — Закон и Порядок

Сегодня в главном надзорном органе проведено расширенное заседание коллегии,...

Негізгі миссия — Заң және тәртіп

Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда...

Профилактика зависимости – дело общее

Так считает руководитель молодежного общественного объединения «Зерделі ұрпақ» –...

Качество жизни и экология страны

Атомная энергетка является одной из ключевых отраслей, способных внести...