spot_img
spot_img

Жаңа міндет жүктеген жиын

Үстіміздегі жылдың қазан айында төрт жылда бір өтетін республика судьяларының съезі әдеттегідей елорда төрінде өтті.

Биыл IХ рет өткізілген судьялар қоғамдыстығының бас қосуына Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент депутаттары, атқарушы билік пен құқық қорғау органдарының басшылары, заң қауымдастығы, халықаралық ұйымдардың сарапшылары мен судьялар корпусынан 500-ден астам адам, оның ішінде 200-ге жуық делегат қатысты.

Мемлекет басшысы Заң мен Тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаятынын атап өтіп, сот жүйесіне жүргізіліп жатқан реформаларға оң бағасын берді.

Сот саласындағы жаңашыл реформалар да судьялар съездерінде талқыланып, іске асырылып келетін. Осы әдет биыл да өз жалғасын тапты.

Сондықтан съезд барысыда еліміздің сот жүйесіне жаңа міндет жүктейтін біршама өзгерістер жасау міндеті қойылды. 

Атап айтқанда мемлекет басшысы айқындаған құқық үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі сот реформасының негізгі бағдарлары бойынша шараларды тұжырымдау, отандық сот төрелігі алдында тұрған заманауи сын-тегеуріндер және қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі шараларды талқылау жүргізілді.

Сонымен қатар съезде сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігі, тиімді сот жұмысын жүргізу, кадрларды іріктеу мен дайындау сапасын арттыру, судьялары әлеуметтік және материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Съезд делегеттары сот практикасының түрлі аспектілері, қоғамның сот төрелігі органдарына сенімдерін нығайту, судьялардың өзін-өзі басқару органдары мен сот билігін әрі қарай дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Еліміздің сот жүйесін халықаралық сай келуі, сот төрелігін іске асыру сапасын көтеру, Әділетті Қазақстан құру жолындағы батыл шешімдер осы съезде айрықша қаралды. Себебі – мемлекеттік биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі нығайту әрі судьялардың тәуелсіздігін барынша қамтамасыз ету қашан да басты назарда болатын.

Ауқымды шара барысында делегеттар жаңа Судьялық әдеп кодексін және Судьялардың IХ Съезінің Қаулысын қабылдады.

Жаңа әдеп кодексін енгізу бойынша бірнеше уақыттан бері қызу талқылау болып, түрлі ұсыныстар келтірілді.

Қолданысқа енгізілген Кодексктің құрылымында бұрынғыға қарағанда біршама өзгерістер бар. Нақтылап айтқанда атауының өзі —  «Судья әдебі кодексі» болып өзгеріп, 5-тарауға бөлінген.

Бұрынғы кодекстің міндеті қызмет жасап жатқан судьяларға да, доғарыстағы судьяларға да жүкетелетін. Өзгеріске сай кодекс тек қана   қызмет жасап жатқан судьяларға ғана міндетті болып бекітілді.

Сондай-ақ кодекс нормаларын бұзғаны үшін жауаптылық көзделген.  Кодекстің 10-бабында судья әдебі жөніндегі комиссияның материалдарды қарауы үшін судьяның әрекеті (әрекетсіздігі) қызметтік міндеттерді атқару кезінде не қызметтен тыс іс-әрекетте әдеп нормаларын бұзумен ұштасқан жеке, заңды тұлғаның, мемлекеттік органның шағымы, өтініші немесе бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарындағы мәліметтер мен фактілер негіз болып табылады.

Материалдарды қарау барысында осы бұзушылықтардың барлық нақты мән-жайлары, ниеттері, уәждері, сондай-ақ теріс қылықтың ауырлығы және оның салдарлары ескеріледі. Егер судьяның әдеп нормаларын бұзу фактісі анықталмаса (расталмаса), шағым, өтініш бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

Ал 5-бапта судьяға кез келген азамат сияқты сөз, ар-ождан, бірлесу, ақпарат тарату бостандығын және басқаларды қоса алғанда, конституциялық құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беріледі. Осы құқықтарды іске асыру барысында судья сот жүйесінің беделін сақтауды ұмытпауға және әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеуге, сондай-ақ өзінің тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін қарым-қатынастардан аулақ болуға тиіс делінген.

 Яғни съезд барысында көтерілген мәселелер мен жаңа Судья әдебі кодексі сот жүйесіне жаңа міндеттер жүкейтін болады.

К.ЕспенбетоваҚызылорда қаласының №2 сотының судьясы

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...