Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек Өтеғалиев — «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, оның елдің одан әрі дамуы мен мемлекеттік институттарды нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтті.
Сондай-ақ алда өтетін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты республикалық референдумға ерекше назар аударылды. Сөз сөйлегендер бұл бастама саяси жүйені жаңғырту мен мемлекеттіліктің берік негізі саналатын демократиялық қағидаттарды күшейту жолындағы маңызды қадам екенін жеткізді.
Баяндамашылардың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер елдің құқықтық тұғырын бекемдеуге, қоғам мен билік арасындағы әділ тепе-теңдікті қалыптастыруға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті: ұжым мүшелері көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...